Басты бет Қоғам Сарыағаш ауданының тұрғыны оқушы ұлының зорланғандығын дәлелдей алмай жүр (видео)

Сарыағаш ауданының тұрғыны оқушы ұлының зорланғандығын дәлелдей алмай жүр (видео)

Түркістан облысы Сарыағаш ауданының тұрғыны оқушы ұлының зорланғандығын дәлелдей алмай жүр, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ: 

— Жасөспірім зорлыққа ұшырады деген оқиға Жылға ауылындағы осы ғимаратта болған. Бұл № 12 С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектепке қарасты интернат. Мұнда көршілес ауылдардан келген оқушылар жатып оқиды.

Баласы бастауышты бітіргелі ауылдастарынан ажырамай, интернатқа келген. Анасының айтуынша, осында оны өзінен жоғары класта оқитын ағайынды екі бала зорлап келген. Ұлының айтуымен қалай болғанын да баяндап берді.

Былтыр қыркүйекте белгілі болған іс сотқа да жеткен. Бірақ судья зорлау расталмады деп ұйғарған. Алтынкүл апелляциялық шағымнан да әділет таппадым деп күйініп отыр.

Алтынкүл АРАПОВА, ЖӘБІРЛЕНУШІНІҢ АНАСЫ: 

— Мені тыңдаған да жоқ, сол барлығы бір ауыл боп, бір ауыз боп, барлығы — әкімият, мектеп, интернат барлығы, Сарыағаш, Түркістан облысы барлығы осы істі жапты. Қазір ақшамен жабады, бәрі ақша деп ойлаймын.

Жасөспірім адвокаты қолдарындағы дәлел де, оны растаған куәгерлер сөзі де ескерілмегенін айтты.

Айман ОМАРОВА, АДВОКАТ:

— Біздің пікіріміз бойынша бұл жерде «астар» бар деп санаймын бұл істің. Себебі егер де зорлаған баланы соттайтын болса онда интернатты жабу керек. Ол интернатқа қаржы бөлініп жатыр, оған әкімшіліктердің де қатынасы бар деп санаймын. Менің ойымша, бұл жерде қаржы мәселесі жатыр. Жемқорлық мәселесі бар деп ойлаймын. Сол үшін сот әділ болмайды деп санаймыз. Неге десеңіз алқа билер қалай болады? Алқа билер сол әкімшіліктен келеді көбі.

Ал жәбірленген жасөспірім былтырдан бері сабаққа да барып жүрген жоқ. Қатарластары мазақ қылатын көрінеді. Анасы содан бері ұлының мінезі де, денсаулығы да күрт нашарлағанын айтады.

Алтынкүл АРАПОВА, ЖӘБІРЛЕНУШІНІҢ АНАСЫ:

— Бұлар, оңбағандар, менің баламды өмірін құртып отыр ғой! Бұрынғы қалпына ешқандай келтіре алмайды енді. Енді моральный да төлемей отыр бұлар, заңсыз құтырып. «Сен бәле жаптың деп, бүткіл ауыл маған бәле жауып, ұрсып, көшіреміз» дейді бұл ауылдан.

Анасының айтуынша, ұлы Алматыда оқығысы бар. Бірақ мектептің балаға берген мінездемесі тым нашар көрінеді. Ал Сарыағаш аудандық білім бөліміндегілер оған ешқандай кедергі жоқ деп отыр.

Сабыр МОЛДАХОДЖАЕВ, САРЫАҒАШ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ӘДІСКЕРІ:

— Енді ол кісінің өзін біз таба алмай жатырмыз ғой. Ол кісі тек телефон арқылы сөйлеседі ғой бізбен. Алматыға, егер, расында да мынандай құжаттар болса… «біз орналастырамыз» дейтін болса, біз тиісті, өзімізге қатысты құжаттарды жасап беретін едік.

Бірақ әділдік таппадым деген ана мұнымен тоқтап қалмақ емес. Баласының құқы қорғалуы үшін Бас прокуратура мен Жоғарғы сотқа да шағым түсірген.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Назарбаев әуежайында оқ атылды: оқиғаның мән-жайы белгілі болды

Нұр-Сұлтан қаласындағы әуежайда абайсызда атылған оқтан үш адам зардап шекті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Бұл оқиға 3 желтоқсанда болған. Алайда ол туралы енді ғана...

ҰҚК «Олимп» букмекерлік кеңсесіне қатысты тергеу жүргізе бастады (видео)

Алматы қаласы бойынша ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті мен қалалық прокуратура "Олимп" букмекерлік кеңсесінің әкімшілігіне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Олар заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырды...

Қорғаныс министрлігінің штаб батальоны командирі пара үшін сотталды

Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен ҚР Қорғаныс министрлігінің "61993 әскери бөлімі" РММ-нің штаб батальоны командирі Н.С.Қойбақовқа қатысты әскери қызметкердің әскери қызметін 1 айға...

Ауыл шаруашылығы министрлігі білім гранттарын бөлетін болды

ҚР Білім және ғылым министрлігінің ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша білім беру гранттарының көлемін анықтау жөніндегі функциялары Ауыл шаруашылығы министрлігіне беріледі, деп хабарлайды zakon.kz ҚР...

Батысқазақстандық әкімдердің әйелдері қонақ күтуден шаршаған (видео)

Іссапармен келген жоғары лауазымды шенеуніктерді қонақ қылып, сый-сияпат көрсетуден шаршаған Батыс Қазақстан облысындағы ауыл әкімдерінің бірі қызметінен кетті, деп хабарлайды Астана телеарнасы. Ал қалған әкімдер...

Елімізде кейбір мұғалімдерге 2,5 миллион теңге сыйақы төленеді

Халықаралық олимпиада, конкурстар мен спорттық жарыстардың жеңімпазын, жүлдегерін дайындаған мұғалімдерге үш лауазымдық айлық ақы мөлшерінде біржолғы сыйақы төленеді. Мәжіліс депутаттары "Педагог мәртебесі" туралы заң...

Жеке куәлікте әке атын жазуға қатысты өзгеріс енгізілді

Қазақстандықтар жеке куәлікті рәсімдегенде екі есімнен тұратын әкесінің атын дефис арқылы жаза алады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Депутат Майра Айсинаның айтуынша, бұған дейін екі сөзден...