Басты бет Қоғам Сатылған жоқ: "Қазақфильмге" ешкім қызықпады

Сатылған жоқ: «Қазақфильмге» ешкім қызықпады

«Қазақфильм» киностудиясы, Петропавл мен Шымкенттегі әуежай жекешелендіру тізімінен алып тасталмақ, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қаулы жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

Жекешелендірілетін республика меншігіндегі ұйымдар тізімінен келесілерді алып тастау ұсынылады:

  • Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамы;
  • «Петропавл қаласының халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамы;
  • «Шымкент әуежайы» акционерлік қоғамы;
  • «Әскери құрылыс» акционерлік қоғамы.

Бұған қоса, тізімнен «Ордабасы» футбол клубы мен «Астана Тазалық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін алып тастау жоспарланып отыр.

Жекешелендірілмейтін нысандар қатарында «Ядролық технологиялар паркі» акционерлік қоғамы және «Қазспортинвест» акционерлік қоғамы да бар.

Заң жобасы 2020 жылдың 17 қаңтарына дейін ашық талқыланады.

«Қазақфильмді» жекешелендіру

2018 жылдың қаңтарында мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов «Қазақфильмді» жекешелендіруге қарсы шықты.

Егер киностудия жекеменшікке өтсе, ел отандық кинодан айырылады, деді ол.

Арыстанбек Мұхамедиұлы мәдениет және спорт министрі болған кезде «киностудия шамамен 4-5 жыл бұрын жекешелендірілетін нысандар тізіміне қосылды, бірақ акцияларды ешкім сатып алғысы келмеді» деген еді.

Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ – түрлі фильмдер өндірісімен айналысатын Қазақстанның басты киноалаңы.

Киностудия негізі 1934 жылы Алма-Ата кинохроника студиясы ретінде қаланды, 1936 жылы алғашқы деректі фильмдер түсірілді.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...