Сауд Арабиясының қажылық және умра министрі барлық мұсылман елдерін коронавирус пандемиясы тоқтағанша Меккеге қажылыққа баруды жоспарламауды сұрады, деп хабарлайды centralasian.org.
Биыл шілде айының соңында басталатын қажылық маусымы коронавирус пандемиясына байланысты кейінге шегерілуі мүмкін. Жыл сайын әлемнің барлық елінен 2,5 млн мұсылман Сауд Арабиясына барады.
«Әл-Жазира» телеарнасының хабарлауынша, қажылық және умра министрі Мұхаммед Салех ибн Тахир «Әл-Ахбария» телеарнасы арқылы елінің қажылық сапарға келушілерді қабылдауға дайын екенін, бірақ бәрінен олардың денсаулығы маңызды деп мәлімдеген.
Қазір Сауд Арабиясы елінде коронавирус анықталғандардың саны мың жарымнан асты. 10 науқас көз жұмды.
Елдің мұсылмандар үшін қасиетті саналатын Мекке және Мадина қалаларына жыл сайын миллиондаған адам қажылыққа барады. Сауд Арабиясы былтыр 49 мемлекетке жаңа туристік виза енгізген.
Оқи отырыңыз:
- Covid-19-дан қайтыс болғандар қалай жерленеді
- Дәрігер кімдердің коронавирус жұқтыру қаупі жоғары екенін айтты
- Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тікелей эфирде мәлімдеме жасады
Фото pixabay.com сайтынан алынды
Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:
Telegram, Instagram, Twitter, Facebook
Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз