Басты бет Қоғам Сауда министрі азық-түлікті қай жерден арзанға сатып алуға болатынын айтты

Сауда министрі азық-түлікті қай жерден арзанға сатып алуға болатынын айтты

Фото pixabay.com сатынан алынды

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов сауда саласын цифрландыру азық-түлік бағасын төмендетуге мүмкіндік береді деп санайды. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

Сұлтанов азық-түлік саудасын дамыту мақсатында «Onay Bazar» мен «HHappyFood.kz» электронды платформаларын дамытуға қолдау көрсетілгенін айтты.

«Олар тұтынушыға үйден шықпай-ақ тауар сатып алуға мүмкіндік береді. Мәселен, базардағы сәбіз 100 теңгеден сатылса, Onay Bazar-да 85 теңге ғана тұрады», — деді ол үкімет отырысында.

Айтуынша, фермерлердің отандық өнімді бәсекеге қабілетті бағамен сатуы үшін «Agro Labs» платформасы әзірленіп жатыр.

«Сауда саласын цифрландыру азық-түлік бағасын төмендетуге мүмкіндік береді деп ойлаймыз», — деді министр.

Қазір нарықта шамамен 13 қазақстандық сауда алаңы жұмыс істейді. Kaspi.kz, flip.kz, chocofamily, mechta.kz және де басқа электронды коммерция платформаларында тауарлар мен қызметтердің шамамен 20-дан астам категориясы бар.

Сондай-ақ, сауда министрлігінің қолдауымен «BTS Digital» компаниясы «PRICE SCANNER» қосымшасын әзірлеп жатыр. Ол әлеуметтік маңызды және де басқа да азық-түліктің бағасын бақылап отыруға мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, ведомство «бір терезе» қағидаты бойынша шағым қабылдаудың бірыңғай ақпараттық жүйесін құруды көздеп отыр. Бұл жүйенің көмегімен тұтынушы интернет арқылы шағымдана алады.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Халықаралық әуе рейстерінің қайта жанданғаны рас па: комитет жауап берді

Азаматтық авиация комитеті халықаралық рейстерге билет алушыларға үндеу жасады. Мамандардың айтуынша, әуе билеттерін сату және сатып алу халықаралық рейстердің ашылғанын білдірмейді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ...

Бурабайда полиция қызметкері адам қағып өлтіріп, қашып кеткен

Полиция қызметкері тағы да жол апатын жасады! Жылдамдықты шамадан тыс асырған шенді тәртіп сақшысы Бурабайға кіре берісте адам қағып кеткен, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Нұрлан...

Ақтөбеде хром қосылыстары зауытында 4 адам көз жұмды

Техника қауіпсіздігі ережесін бұзу салдарынан Ақтөбе хром қосылыстары зауытының төрт қызметкері қаза болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Оқиға 28 мамыр күні "АХҚЗ" АҚ-ның №4 цехында...

Тепловизор және дезинфекция түнелі: ҰБТ тапсыру орындары қалай жабдықталады

Қазақстанда мектеп түлектері ҰБТ-ны карантинге байланысты ерекше санитарлық жағдайда тапсырады, деп жазады Sputnik Қазақстан.   Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізілетін орындар тепловизор, дезинфекция түнелі және аяқ киімді...

Сөмкесінен екі бума ақша шықты – әкімдіктің лауазымды тұлғасы ұсталды

Ақтөбе қаласы әкім аппаратының лауазымды тұлғасы парамен ұсталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі шенеунікті ұстау видеосын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Видеода құқық қорғаушылардың сөмкеден...

Әкімнің заңсыз әрекеті әшкере болды — видео

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысында пара алған әкім ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Ресми мәліметке сәйкес, Келес ауданына қарасты Жамбыл ауылдық округының...

1-сыныпқа баратын балалардан тест алуға ешкімнің қақы жоқ

Балаларды бірінші сыныпқа қабылдаған кезде мектеп олардан тест алуға құқылы емес. Бұл туралы Алматы қаласының білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің басшысы Гүлнәр Ермекбаева мәлімдеді,...