Саудиялық “Әл-Хилаль” клубы “ПСЖ” шабуылшысы Лионель Мессиге құны қымбат келісімшарт ұсынды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Foot Mercato жазуынша, “Әл-Хилаль” аргентиналық форвардқа құны 1,2 млрд еуро болатын екі жылдық келісімшарт ұсынған. Футболшының әкесі әрі агенті Хорхе Мессидің бұл ұсынысты қабылдағаны туралы да ақпарат бар.
Егер Месси бұл ұсынысты қабыл алса, жылына 600 млн еуро көлемінде жалақы алатын әлемдегі ең қымбат спортшыға айналады. Ал оның агенттері, яғни әкесі мен ағасы футбол тарихындағы ең көлемді комиссиялық қаржыны алады.
Айта кетейік, Лионель Месси 2021 жылы жазда “ПСЖ” сапын толықтырған. Ал оның париждік клубпен жасасқан келісімшарты 30 маусымында аяқталады.