Басты бет Қоғам Саунада сауық құрған шенеуніктердің тізімі әкіммен толықты

Саунада сауық құрған шенеуніктердің тізімі әкіммен толықты

Төтенше жағдай кезінде саунада сауық құрған шенеуніктердің тізімі енді әкіммен толықты. Түркістан облысы Шардара ауданының әкіміне ұқсайтын адам бастаған бір топ шенеуніктің моншада отырған видеосы әлеуметтік желіде талқыланып жатыр, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Жұрт пандемиядан оқшауланып жатқанда, төтенше жағдайды қамтамасыз етуі тиіс лауазым иелері түнде моншаға қызметтік көліктерімен барған.

— Бүгін сәуірдің 15-і, 2020 жылы, Шардара қонақ үйінде тұрған автокөліктер.

— Не, тыныштық па?

— Есімдеріңіз?

— Қайрат.

Видеода бетперде таққан бір топ полицей Шардара ауданы әкімі Қайрат Жолдыбай мен аппарат басшысы Ғалымжан Амантайға ұқсайтын және өзін «бірінші орынбасармын» деген үшеудің моншада отырған жерінен сау ете түседі. Алайда шенеуніктерде бетте маска түгілі, бұтта шалбар да жоқ. Ролик авторының сөзінше, видео 15 сәуірдің түнінде түсірілген. Бұл кезде бүкіл елде коронавирусқа қатысты төтенше жағдай жарияланғанына ай толған еді.

Президент жарлығына сәйкес, барлық ойын-сауықтық, қоғамдық монша секілді орындар мен қонақ үйлер бұл уақытта жабық болуы тиіс. Бұл туралы облыс билігі әзірге еш пікір білдірмеді. Ал облыстық әдеп кеңесі моншадағы мемлекеттік қызметкерлері туралы тіпті білмейтін болып шықты. Аталған дерек бойынша облыстық полиция департаменті ғана жауап берді. Яғни, полицейлер ол жерге жат ағым өкілдері жиналып жатыр деген қоңырау бойынша барған. Ал шенеуніктердің әрекетінде «карантинді бұзу жоқ» деп мәлімдеді. Алайда президент жариялаған төтенше жағдайдың бұзылғанына қатысты түсінік бермеді.

Оқи отырыңыз:

Фото: видеоның скриншоты

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықты брендке айналдыру керек – сарапшылар «Тиімді қайырымдылық» жобасы туралы

Қазақстанда жыл сайын кемі 100 қайырымылық ұйымын тарту арқылы елдегі қайырымдылық қызметін одан әрі дамытуды көздейтін «Тиімді қайырымдылық» жобасы жүзеге асты. Осы саладағы сарапшы,...

Әр адамның дінге бас сұғып, пәтуа айтуы дұрыс емес – Әбдіғани Бәзілхан

Елімізде қандай да бір діни мәселеге қатысты «Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының» қызметкерлерінен басқа адамға пәтуа айтқызуға болмайды. «Қазақстанның Даму Қауымдастығы» жүзеге асырып жатқан интернеттегі...

Құрбысынан өш алмақ болған қарағандылық оқушы полицейлерді аяғынан тік тұрғызды

Қарағандыда мектеп оқушысы құрбысының атынан қоқан-лоққы жасап, ақша талап етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. "City Mall" сауда орталығында бомба жасырылды деген...

Александр Бублик «Париж мастерс» турнирінде әлемнің 14-ракеткасын жеңіп кетті

Қазақстандық теннисші Александр Бублик "Париж мастерс" турнирінің екінші айналымына шықты. Ол әлемнің 14-ракеткасын жеңіп кетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ теннис федерациясына сілтеме жасап. Қазақстанның бірінші, әлемнің...

Мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар бір мезетте әнұран орындады

Елорданың барлық ұйымдары мен кәсіпорындары Республика күніне орай бір мезетте әнұран орындады, деп жазады inbusiness.kz. Елорданың барлық мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындарында Республика күнін мерекелеуге арналған...

Риддер ЖЭО-ның бұрынғы басшыларына қатысты тергеу жүріп жатыр

Қаржылық мониторинг агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті алаяқтық фактісі бойынша Риддер ЖЭО-ның бұрынғы басшыларына қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Бұл туралы агенттік Telegram-дағы ресми...

Семейдегі мектептердің бірі қашықтықтан оқуға көшті

Семейде 2023 жылғы 23 қазанда №40 орта мектептің оқушылары қашықтан оқыту форматына көшірілді, деп хабарлайды Inbusiness.kz. "№40 орта мектепте сағат 9:08-де ғимараттың жертөлесінде орналасқан электрқалқан...