Семей интернатындағы оқушы өлімін арнайы комиссия тексереді

54
Фото: видеодан алынған кадр

Семей мектеп-интернатындағы оқушы өлімін арнайы комиссия тексеріп жатыр, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Қайғылы жағдай 17 тамыз күні жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалғандар оқитын мекемеде болған.

Айгүл Базарова, ШҚО әкімінің баспасөз хатшысы:

— Болжам бойынша, марқұмның миында ісік болған. Бала өлімі – үлкен қасірет. Сондықтан облыс әкімі Даниал Ахметовтің тапсырмасымен бұл деректі жан-жақты тексеруге арнайы комиссия құрылды.

Бұдан өзге деректер әзірге айтылмай жатыр. Тек белгілісі, оқушының жасы онда. Соңғы үш жылдан бері интернатта тәрбиеленіп келген. Аймақ басшысы осы қайғылы жағдайдан кейін шұғыл тексеру комиссясын құруға пәрмен беріпті. Оның құрамында құқық қорғау органы, денсаулық сақтау басқармасы, санитар дәрігерлер мен қоғам белсенділері бар. Ал, жұмыс тобына облыс әкімінің орынбасары жетекшілік етеді.

Оқи отырыңыз:

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз