Семей стансасында жолаушылар пойызында белгісіз біреу жолаушыны зорламақ болды, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға ІІМ көліктегі полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ләззат Қасымжанова.
Аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі және 120-бабының 1-бөлігі (Зорлауға оқталу) бойынша тіркелді.
Бұл бап кінәліні бес жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды қарастырады. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.
«Бұл іске қатысты басқа ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді», — делінген көліктегі полицияның хабарламасында.
Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылы «Тұлпар-Тальго» пойызының жолаушысын екі жолсерік зорлағаны белгілі болды. Елді дүрліктірген бұл оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырды. Сот жолсеріктерді бес жылға бас бостандығынан айырды.
Оқи отырыңыз:
- Селфи жасаудың арты өлімге әкелді – видео
- Оралда дауыл бес қабатты үйдің шатырын жұлып әкетті
- Қостанайда бесінші сынып оқушысы жанып жатқан үйден төрт баланы аман-есен алып шыққан
Біздің әлеуметтік желілердегі парақшаларымызға жазылыңыз:
Telegram, Instagram, Twitter, Facebook
Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз