Басты бет Саясат Парламент Сенат депутаты жаңа телеарна ашуды ұсынды

Сенат депутаты жаңа телеарна ашуды ұсынды

Сенат депутаты Дүйсенғазы Мусин арнайы мамандандырылған аграрлық телеарна ашуды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Фото pixabay.com сатынан алынды

Сенатордың пікірінше, ауылдарды дамытудың түйінді мәселелерінің бірі – ақпараттық қамтамасыз етуді жаңа сапалық деңгейге шығару.

«Ауыл еңбеккерлері озық технологиялар, мемлекеттік қолдау шаралары, заңнамалық базадағы өзгерістер, нарық маркетингі туралы хабардар етілуі  тиіс. Сондықтан аграрлық ғылым мен озық тәжірибені, еңбек адамының бейнесін насихаттайтын көрсетілімдердің маңызы өте зор. Осы орайда, арнайы мамандандырылған аграрлық телеарна ашу қажет деп санаймыз», — деді Мусин сенатта ауыл шаруашылығына арналған парламенттік тыңдауда.

Депутаттың айтуынша, мемлекеттен бөлінетін қомақты қаражатқа қарамастан, аграрлық сектор тиімділігі төмен салалардың қатарында.

«Сараптамалық бағалау бойынша, басты проблема – мемлекеттік реттеудің жетілмегендігінде. Өздеріңізге мәлім, тәуелсіздік жылдарында агроөнеркәсіп кешені мен ауылдық аумақтарды дамытуға бағытталған тоғыз бағдарламалық құжат қабылданды. Алайда, олар саладағы жағдайдың түбегейлі өзгеруіне ықпал ете алмады», — деді сенатор.

Ол ауыл шаруашылығы өнімдерінің 80%-ке жуығы шикізат түрінде сатылатынын, бірқатар өнімнің импортқа тәуелділігі жоғары екенін айтты. Дайын азық-түлік, негізінен, шеттен әкелінеді.

Мусиннің сөзінше, мемлекеттік реттеудің жүйесіздігі мен субсидиялау ережелерінің жиі өзгеруі аграрлық сектордың дамуына кері әсерін тигізіп отыр.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...

Алматы облысында аю талаған адамға қатысты тың мәлімет жарияланды

Алматы облысында қонжығын қорғамақ болған аю балық аулауға барған адамды талап өлтірді, деп хабарлайды Polisia.kz. Қайғылы оқиға 30 мамыр күні сағат 06.25 шамасында Алматы облысы...