Басты бет Қоғам "Сенатта бізге сөз бермеді" деген видеоға Сенат жауап берді

«Сенатта бізге сөз бермеді» деген видеоға Сенат жауап берді

2020 жылғы 9 наурыз күні youtube әлеуметтік желісінде «Қорғау HR» Адам құқықтарын қорғау» қорының өкілі Гүлмира Исембиеваның бейне үндеуі жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Онда «ҚР Парламенті Сенатында өтетін әрбір дөңгелек үстел барысында ата-ана ретінде сөз сөйлеймін деушілерге сөз сөйлеу мүмкіндігі берілмейді, микрофондар өшіріледі. Бізге сөз сөйлеу мүмкіндігі берілмейді. Менің айтқым келгенім, қазіргі уақытта медицинаның араласуынан, кез келген медициналық араласудан бас тартқаны негіз болған ата-аналарды, біздерді ата-ана құқығынан айыратын 152-ші бап Парламентте қаралып жатыр, олардың пікірінше, бұл шара балалардың денсаулығын сақтайтын болады. Яғни, егер біз екпе салдырғымыз келмесе, онда бізді ата-ана құқығынан айыра алады. Егер біз баламызды психотроптық дәрі-дәрмекпен емдегіміз келмеген жағдайда, ал қазіргі уақытта мектептерде психодиагностика енгізіле бастады, онда бізді тағы да ата-ана құқығынан айыруы және баламызды балалар үйіне жіберуі мүмкін. Мен бұл түзетумен келіспеймін және менің ойымша көптеген ата-аналар да бұл түзетумен келісе қоймас», — делінген.

Сенаттың баспасөз қызметі бұл деректер шындыққа жанаспайтынын ресми түрде хабарлайды. Қазіргі уақытта Сенатта бейне үндеуде айтылған мәселелер талқыланып жатқан жоқ. Одан басқа бұл мәселелер қарастырылған заң жобасы да қаралып жатқан жоқ.

Сенатқа келіп түскен барлық заң жобаларын талқылауға жұртшылық кеңінен қатысады. Әркім сөз алып, өзінің пікірін білдіре алады.

Жұртшылықпен тығыз қарым-қатынасты қамтамасыз ету мақсатында Парламенттің ресми сайты (senate.parlam.кz) жұмыс істеп келеді. Онда «Кері байланыс», «Ұсыныстарды жинау», «Заң жобасын ұсыну», «Қаралып отырған заң жобалары» сияқты айдарлар бар.

Оқи отырыңыз:

Фото: видеоның скриншоты

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...