Басты бет Қоғам "Сенеді деп ойлаймын": алматылық дәрігер үрейлі хабарлама таратты

«Сенеді деп ойлаймын»: алматылық дәрігер үрейлі хабарлама таратты

Мессенджерде Алматыдағы №4 қалалық клиникалық ауруханасының дәрігері Болат Түсіпхановтың аудиохабарламасы тарай бастады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Мен сіздерге үндеу жасағым келеді. Мен дәрігермін, сіздер маған сенеді деп ойлаймын. Бюджетте қазір ақша қалмаған да шығар, бәрі шаршады. Адамдар проблемадан қашып жатыр. Карантинге кетеді, ешкім мәселені шешкісі келмейді», — деп мәлімдеді ер адам.

Айтуынша, ол үнемі байланыста болған екі хирург коронавирус жұқтырған.

«Біреуі ауыр хәлде жансақтау бөлімінде жатты, әрең дегенде тәуір болды. Екіншісі де жатыр. Бүгін кафедра меңгерушісі де ауырып қалды. Біз бәріміз бірге отырамыз, бірге тұрамыз. Соған қарағанда біз де жұқтырған сияқтымыз», — деді Болат Түсіпханов.

Ер адам Алматының ауруханалары науқастарға лық толы, палаталар мен жансақтау бөлімдерінде орын жоқ екенін атап өтті.

«Бұл шындық. Өздеріңді күтіңдер, сақ болыңдар. Қазір ешкім ештеңемен айналысқысы келмейді. (…) Ешкім дәрі бермейді. Бізде қазір хаос. Ешкімнің ештеңеге зауқы жоқ, дау-жанжалдан қорқады», — деді хабарлама авторы.

Айтуынша, жағдайы орташа науқастар үйде емделіп жатыр, жедел жәрдем оларды ауруханаға әкелмейді.

Дәрігердің пікірінше, карантинді қайтадан қатаңдатса, адамдар жұмыссыз қалады, «әлеуметтік жарылыс» болуы мүмкін.

«Карантинді жеңілдеткеніне қатысты не айтарымды да білмеймін. Хирургтердің салы суға кетті. Жағдай бақылаудан шықты», — деді Түсіпханов.

Аурухананың бас дәрігерінің міндетін атқарушы Айман Байзолданова аудиожазбаға қатысты түсініктеме берді. Ол дәрігер шынымен де Алматыдағы №4 қалалық клиникалық ауруханада істейтінін растады.

Аталған факті бойынша медицина ұйымының ішкі аудит қызметі қызметтік тексеріс жүргізді.

«Бұл аудиожазба Болат Түсіпхановтың жақындарына арналған және Жезқазғандағы туысқандарының жабық чатына жолданған. Туыстарының отбасылық мерекеге дайындалып жатқанын естіген ол осылайша оларды әлеуметтік жауапкершілікке, сақтыққа және профилактика шараларын сақтауға үндеген. Болат Түсіпханов жақындарын отбасылық шараны өткізбей, карантин режимін сақтауға шақырды. Дыбыстық хабарламада айтылғандар шындыққа жанаспайды және ағайын-туысты сендіру үшін ғана айтылды», — деді Байзолданова.

Ол хабарламада айтылған екі хирург үй карантинінде екенін атап өтті. Бір дәрігердің қайта тапсырған тесті теріс нәтиже көрсеткен, ол жұмысына кіріседі.

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Оқи отырыңыз:

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда ауыл мектептерінің саны күрт азайды

Ұлттық статистика бюросы Қазақстан мектептері жайлы деректерді жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Бюро мәліметінше, 2022-2023 оқу жылында барлығы 7687 мектеп жұмыс істеді. Ондағы мектептердің 31,6% қалада,...

Сенат спикері: Халықтың ақшасы тиімсіз жұмсалды

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев халықтың ақшасы тиімсіз жұмсалып жатқанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Сенаттың бүгінгі отырысында арнайы экономикалық аймақтар мәселесі қаралды. Индустрия және инфрақұрылымдық...

Мектеп оқушысы 30-ға жуық тілді қалай меңгеріп алғанын айтты

14 жастағы Айбат Ахметжан тілдерді меңгеріп қана қоймай оның тарихын да зерттеп, көне тілдерде еркін сөйлей алады. Бұл туралы полиглот жасөпірім "Таңшолпан" бағдарламасында айтып...

Ақтөбеде сәбилер еңбектеп жарысты

Жеңімпаздар бағалы сыйлықпен марапатталды, деп жазады inbusiness.kz. Балаларды қорғау күніне Ақтөбеде ерекше шара өтті. Кішкентай бөбектер еңбектеуден жарысты. Шараға қатысуға тілек білдіргендер көп болды. Ал...

«Әл-Иттихад» Бенземаға 100 млн еуро жалақы ұсынған

Саудиялық "Әл-Иттихад" мадридітк "Реал" шабуылшысы Карим Бенземаның ұсынысқа жауап беруін күтіп отыр, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. Инсайдер Фабрицио Романоның мәліметінше, саудиялық клуб Бенземаға жылына 100...

Қазақстандық бітімгерлер Украинаға жіберіле ме

Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалитденов Қазақстан бітімгерлерін Украинға жіберілмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Бүгін мәжіліс ҰҚШҰ күштері мен құрылымдарына қатысты бірнеше заңды қабылдады....

Елімізде 43 градусқа дейін аптап ыстық болады деп күтілуде

Жаздың алғашқы күндері Қазақстанда ауа температурасы көтеріледі деп күтілуде. Кейбір өңірлерде 35 градустан жоғары аптап ыстық болады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК ресми сайтына...