Басты бет Саясат Әсет Исекешев ҚР Президентінің көмекшісі-Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы болып тағайындалды

Әсет Исекешев ҚР Президентінің көмекшісі-Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы болып тағайындалды

Әсет Исекешев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі — Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

«Әсет Өрентайұлы Исекешев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы болып тағайындалсын» делінген Жарлық мәтінінде.

Бұған дейін бұл қызметті Қалмұханбет Қасымов атқарған. Ол ҚР Мемлекеттік күзет қызметінде жаңа лауазымға ие болды.

Әсет Исекешев 1971 жылдың 17 тамызында туған. 1994 жылы әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дің заң факультетін бітірген. 1998 жылы Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Жоғары мемлекеттік басқару мектебін аяқтады.

Еңбек жолы:

1989 жылдан — «Омега» аспап жасау зауытының I разрядты радиоэлектрондық аппаратура мен аспаптардың слесарь-жинақтаушысы (Орал қаласы).

1995 жыл — 1997 жыл Алматы қаласы Фрунзе ауданы прокуратурасы прокурорының көмекшісі; Алматы қаласы Медеу ауданы прокуратурасы прокурорының аға көмекшісі.

1998 жыл — 1999 жыл ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Астана қаласының адам дамуы бөлімінің Стратегиялық бақылау басқармасы Стратегиялық талдау департаментінің бас маманы.

1999 жыл — 2000 жыл ҚР Әділет министрлігі Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардағы нормативтік құқықтық актілерді тіркеу және бақылау департаментінің директоры.

2000 жыл — 2001 жыл ҚР Заң министрлігі жанындағы «Ұлттық заң қызметі» ЖАҚ президенті.

2001 жыл — 2002 жыл «Сұңқар» АӨК» ЖШС төрағасының бірінші орынбасары, «Ұлттық консалтингтік топ» ЖШС президенті, «Ордабасы» корпорациясы» ААҚ вице-президенті.

2002 жыл — ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің кеңесшісі.

2003 жылдан — ҚР индустрия және сауда вице-министрі. 2006 жылдан — «Қазына» ТДҚ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.

2006 жыл — мамыр айынан бастап — «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.

2007 жыл — 2008 жылға дейін — Credit Swiss (Kazakhstan) ЖШС Қаржылық жобалар маркетингі жөніндегі директоры.

2008 жыл — ақпан айынан бастап — Қазақстан Республикасының Президентінің көмекшісі.

2009 жыл 21 мамыр — 2010 жыл 12 наурыз — Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі.

12 наурыз, 2010 жыл — Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары — Индустрия және сауда министрі.

2012 жыл — қаңтардан бастап қыркүйек айына дейін ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі.

2012 жыл — қыркүйек айынан бастап — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Индустрия және жаңа технологиялар министрі.

2014 жыл 6 тамыздан бастап 2016 жыл 21 маусымына дейін — Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі. Сонымен қатар, 2015 жылдың ақпан айынан бастап инвестициялық омбудсмен.

2016 жыл 21 маусым — 2018 жыл 11 қыркүйек Астана қаласының әкімі.

2018 жыл 10 қыркүйек — бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы.

2019 жылдың 25 наурызынан бастап Тұңғыш Президент Қорының атқарушы директоры болып тағайындалды.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Сыбайлас-жемқорлық индексі бойынша Қазақстан 113-ші орында тұр

Пара алу жағынан ішкі істер органдары алдына жан салмай келеді. Бұл туралы БАҚ өкілдеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мамандары хабарлады, деп жазады «Астана»...

Алматыда аудандық соттың төрағасы пара алды деген күдікпен ұсталды (видео)

Алматыда Бостандық аудандық сотының төрағасы ұсталды. Судья Алтынбек Баянов пара алды деген күдікке ілінген, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет таратқан видеода қара...

Шымкентте «сыра королінің» сарайлары мен үйлері аукционға шығарылды

Сотталған олигарх Тоқтар Төлешовтің қалған мүлкі электронды саудаға қойылды. Аукцион туралы Қазақстан қаржы министрлігі мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің сауда алаңында жарияланды, деп хабарлайды...

Көкшетауда курстасын құтқару үшін жанталасқан жігіттер жайлы видео таралды

Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің студенті оқу орнының алтыншы қабатының терезесінен құлап түсті. Әлеуметтік желілерде оқиға орнында түсірілген видео таралып жатыр, деп хабарлайды...

Елімізде бірнеше полиция қызметкері ұсталды (видео)

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ішкі істер министрлігінің жеке қауіпсіздік қызметімен бірлесіп, бірнеше облыста ІІМ қызметкерлері арасында жемқорлық фактілерінің алдын алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Батыс...

Әкімнің «креслосын» сатып алмақ болған шенді қызметінен айырылып тынды

Жамбыл облысында Әдеп жөніндегі кеңестің отырысында жергілікті кәсіпкерлердің бірімен телефон арқылы сөйлескен Меркі ауданы әкімінің орынбасары Мейіржан Сүлейменовтің ісі қаралды, деп хабарлайды zakon.kz Жамбыл...

Алматылықтар мен қытайлықтар жанжалдасып қалды: полиция түсініктеме берді

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде қытайлық жастармен болған жанжалдың видеосы тарап жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Видеода бір топ қытайлық жас ұзын айдаһардың формасын ұстап тұр....