ШҚО-да көмір тиелген 9 вагон рельстен шығып кетті

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Бүгін таңертең 5 жарымдарда ШҚО Курчатов қаласының Дегелең стансасында 9 вагон рельстен шығып кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

«Екі маневрлік тепловозды қосқан кезде «Қаражыра-Дегелен» бағытындағы 3503 жүк пойызының көмір тиелген 9 вагонының доңғалақтары рельстен шығып, 4 вагон бір жағына ауып кеткен. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Бұл жағдай басқа пойыздардың қозғалысына әсер еткен жоқ»,- деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметінен.

Оқи отырыңыз: