Басты бет Аймақтар Шығыс Қазақстан облысы ШҚО: Көкталда белгісіз індеттен ірі қара жаппай қырылып жатыр (видео)

ШҚО: Көкталда белгісіз індеттен ірі қара жаппай қырылып жатыр (видео)

Шығыс Қазақстан облысындағы Көктал ауылында ірі қара белгісіз індеттен жаппай қырылып жатыр. Сиырлардың арасында аурудың тарағанына екі аптадан астам уақыт өтсе де, бәсеңдейтін түрі жоқ, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

— Күнен-күнге қырылып жатыр. Ауылды карантинге жаппайды. Білмеймін, не істеп жүргендерін.

Малмен жан бағып отырған ауыл тұрғындарының кейбірінің қорасы қаңырап бос қалған. Жұрттың айтуынша, белгісіз індет өршімес үшін ауылды карантинге жабу қажет. Өйткені өлген сиырдың саны 200 басқа жетіпті. Бірақ олар жергілікті билік бұл мәселеге келгенде асықпай отыр деп өкпелі. Тек ветеринарлар тұрғындарға малды сатуға, союға тиым салған. Дегенмен олардың өзі малдың неден арам қатып жатқанын дөп басып айта алмай отыр. Қазір мамандар арнайы коммисия құрылып, тексеріс басталғанын жеткізді. Өлген ірі қарадан сынама алынып, зертханаға жіберілді. Ал оның қорытындысы осы айдың соңында белгілі болады. Сондықтан тұрғындарға өтемақы төлеу мәселесі әзірге белгісіз.

Әсет Абайбеков «ҮРЖАР-ВЕТ» ММК директоры:

— Бүгінде ешқандай өтемақы береді деп айта алмаймыз. Өйткені мемлекеттен ауруға байланысты төленетіні және төленбейтіні бар. Қай ауруға жататынын білмей тұрмыз.

Оқи отырыңыз:

Фото: видеоның скриншоты

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

Депутат қазақстандық бизнесті қолдауды сұрады

Еліміздің Премьер-Министрінің атына жолдаған депутаттық сауалында депутат Мейрам Пішембаев Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауында өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемін бес жылда кем дегенде 1,5 есеге...

Мүфтият әйелдерді шешіндіріп емдейтін молдаға қатысты ресми мәлімдеме жасады

Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы әлеуметтік желі бетінде әйелдерді шешіндіріп емдейтін молда туралы бейнежазбаға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. Мүфтияттың айтуынша, бұл оқиға...

«Халық қытай радиосын тыңдауға мәжбүр»: депутат 29 жылда шешілмеген мәселені көтерді

Қытай, Ресей мен Өзбекстанмен шекаралас жерлерде ақпараттық қауіпсіздік сақталмайды. Бүгін мәжілістің жалпы отырысында бір топ депутат екі министрге сауал жолдап, осы проблеманы шешуді талап...

Қазақстандықтар карантинге қарамастан 600 той мен ас берген

Қазақстандық полицейлер карантинді өрескел бұзудың 15 мыңнан астам фактісін анықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Соның 600-і той мен ас беру жағдайлары. Бұл туралы ішкі істер...

Нұр-Сұлтанда бұрынғы әйелінен қашып жүрген ер адамға іздеу жарияланды

Астаналық әйел туған балаларын бір жылдан астам уақыт көре алмай жүр. Прокуратура органдары балаларды анасынан жасырған әкеге іздеу жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Нұр-Сұлтанның...

«Көрпеше төсеп жатқандай»: белгілі заңгер Түркістан облысындағы төселіп жатқан жолдардың сапасыз екенін айтып дабыл қақты

Біраздан бері өзінің Facebook парақшасы арқылы Оңтүстік өңірдің кемшіліктері мен шенеуніктердің былығын әшкерелеп келе жатқан белгілі заңгер, қоғам белсендісі Айгүл Орынбек тағы бірнеше бейнежазба...

Былтырғы оқиға есіне түсіп кеткен: Көңілдесін ұрып өлтірген атбасарлық сотталды

Атбасарда көңілдесін ұрып өлтірген 35 жастағы ер адам 9 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Тергеу материалдарына сәйкес, ер адам үйінде ішімдік ішіп...