Басты бет Қоғам Ұшқыштың жерлеу рәсімінде Bek Air басшысы тілшілерден тұра қашты (видео)

Ұшқыштың жерлеу рәсімінде Bek Air басшысы тілшілерден тұра қашты (видео)

Алматыда әуе апатының жалғыз куәгері – ұшқыш Мейіржан Молдақұловтың денесі жер қойнына тапсырылды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

54 жастағы азаматты ақтық сапарға әріптестері, достары мен жақындары шығарып салды. Қаралы жиынға қатысқандар марқұмды өз ісін сүйетін еңбекқор әрі ақкөңіл адам болған деп еске алды.

Нұржамал Қасымова, М. Молдақұловтың сыныптасы:

— Мектептен соң Ақтөбенің ұшқыштар училищесін бітірген. Содан ұшқыш болды. Алматыда қанша жылдан бері ұшқыш болып істеген. Жұмысын қатты жақсы көретін. Отбасына адал, бала-шағасына қарайтын. Жора-жолдасқа да адал жігіт болды.

Мейіржан Молдақұлов ұшақ апатынан кейін басынан, жамбасы мен омыртқасынан ауыр жарақат алған. Кейін оған бірнеше ота жасалып, дәрігерлер ұшқышты үйіне жіберген болатын. Алайда ауруханадан жазылып шыққан азамат арада апта өтпей қайтыс болды. Марқұмның артында жұбайы мен екі қызы қалды. Бұл отбасына Bek Air тарапынан көмек көрсетіле ме, ол жағы әзірге белгісіз. Компания басшысы Нұрлан Жұмасұлтанов сұрақ қойған тілшілерді итеріп, алды-артына қарамай тұра қашты.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...