Басты бет Қоғам "Ұшақпен белгісіз зат шашады": министр желіде тараған ақпаратқа жауап берді

«Ұшақпен белгісіз зат шашады»: министр желіде тараған ақпаратқа жауап берді

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ұшақпен белгісіз затты шашуға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Бұл ақпарат жалған. Құрметті отандастар, сіздерді жалған ақпаратқа сенбеуге шақырамыз. Барлық шынайы ақпаратты денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтынан және әлеуметтік желілердегі парақшалардан ала аласыздар. Біздің тарапымыздан ешқандай себу жұмыстары жүргізілген жоқ», — деді Цой бүгінгі онлайн брифингте.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде белгісіз затты шашып жүрген тікұшақ пен ұшақтың видеосы тарап жүр. Фотолар да аз емес. Осыған байланысты халық арасында саналуан пікір айтылуда.

Кеше, 1 шілде күні ауаға вирус себеді деген жалған ақпаратты таратқан Түркістан облысының тұрғыны анықталған болатын. Әйел өзіне хабарлама мессенджердегі басқа топтардан келгенін айтты. Ол ақпараттың жалған екенін білмегенін және бұдан кейін мұндай жалған мәлімет таратпайтынын жеткізді.

Айта кету керек, Қазақстанда жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік те қарастырылған.

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Оқи отырыңыз:

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

Мәдениет және спорт министрі Шавкат Рахмоновқа қандай уәде берді

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновты қабылдады. Бұл туралы министр Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі. "Қазақстан...

Үкімет Ұлттық қорға қайта «қол салмақ»

Соңғы сегіз жылда ондағы активтер 16 млрд долларға қысқарған, деп жазады inbusiness.kz. Сенат спикері Мәулен Әшімбаев кейбір базалық инфрақұрылымдық және басқа да стратегиялық шығыстарды Ұлттық...

Өзбекстанда өткен Азия чемпионатының соңғы күні ел қоржынына екі медаль түсті

Бүгін Өзбекстан астанасы Ташкентте 17 және 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында семсерлесу мен қылыштасудан Азия чемпионаты аяқталды. Құрлық додасының соңғы күні Ұлттық құрама қоржынына...

Заңға алғаш рет “қатыгез әрекеттер” түсінігі енді

Енді қатыгез әрекеттер заңмен қудаланады. Аталған өзгерістерді бүгін Сенат депутаттары бір ауыздан мақұлдады, деп хабарлайды inbusiness.kz. Түзетулер Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу және Қылмыстық-атқару кодекстеріне енгізілді. Бүгін...

Биыл полицияға хабар-ошарсыз кеткендер туралы 1600-ге жуық хабарлама келіп түскен

Бұл туралы ҚР ІІМ криминалдық полиция департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Қуаныш Ибрашев айтты, деп жазады inbusiness.kz. "Жоғалып кеткен адамдарды іздестіруге қатысты...

Әйгілі Флойд Мейвезермен жұдырықтасқан қазақ боксшысы қайда жүр

1996 жылғы Атланта Олимпиадасында бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі Бақтияр Төлегенов пен америкалық Флойд Мейвезер жұдырықтасты. Кейін әлемге даңқы тараған Мейвезерге қарсы қазақ боксшысы айтарлықтай...

Атырау қаласында жасөспірім көпқабатты үйлердің бірінен құлап мерт болды

Атырау қаласында 16 жастағы жасөспірім биіктен құлап көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "2 наурызда сағат 23:30 шамасында...