Шағын және орта бизнес өкілдеріне 160 миллиард теңге көлемінде жеңілдетілген кредит берілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шағын және орта бизнесті 12 айға дейін жылдық 8% аспайтын мөлшерде жеңілдетілген кредиттеу бағдарламасы басталған сәттен бастап банктер арқылы 1 116 шағын және орта бизнес нысаны кредит алған. Қарыз алушылардың арасында көтерме және бөлшек сауда, өндіріс және құрылыс саласы өкілдерінің үлесі басым.
Естеріңізге сала кетейік, жеңілдетілген кредиттеу бағдарламасы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың коронавирус пандемиясының ел экономикасына тигізетін жағымсыз салдарын жоюға байланысты тапсырмасы аясында қолға алынған болатын.
Шағын және орта бизнесті, төтенше жағдайдан зардап шеккен жеке кәсіпкерлерді қолдау үшін Қазақстаның Ұлттық банкі 600 миллиард теңге бөлді.
Бағдарламаны Қазақстанның орнықтылық қоры Қазақстан қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен және елдегі ірі 12 банкпен бірлесіп жүзеге асырып отыр.
Фото pixabay.com сайтынан алынды
Оқи отырыңыз:
- Білім және ғылым министрі оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтады
- Ресейде коронавирус жұқтыру көрсеткіші төмендеді
- Қостанайда тойхана иелері бас көтерді (видео)
Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:
Telegram, Instagram, Twitter, Facebook
Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз