Түркістан облысында BMW маркалы көлікте болған төрт адам қайтыс болды, тағы біреуі жансақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Облыстық полиция департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, 19 маусымда Жетісайға бара жатқан BMW маркалы көлік жолдың жиегіне шығып кетіп, бірнеше рет аударылған.
Шардара аудандық полиция бөліміне жол апаты туралы хабарлама түскен бойда жедел тергеу тобы оқиға орнына аттанды. Прокурор да барды.
«Жол апатында көлік жүргізушісі мен үш жолаушы — жас жігіт және екі жас қыз қайтыс болды. Тағы бір жолаушы жас қыз аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді», — дейді полицейлер.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша тергеу басталды.
Оқи отырыңыз:
- «Тез арада сахнаға шығару керек»: Орамал таққан келіншектің дауысына жұрт таңдай қақты (видео)
- «Шалымның соққан тамы еді»: Кезінде күйеуімен бірге тұрғызған қораның сүріліп жатқанын көрген әжей жылап қалды (видео)
- Лондонда тұратын қазақ отбасы әдемі ұлттық киім үлгісімен елді тәнті етті (видео)