Шашын жұлып, темірмен ұрған: елордалық мүгедек әйелді көршісі соққыға жыққан

Фото: pixabay.com

Нұр-Сұлтан қаласында екінші топтағы мүгедек әйел көршісі соққыға жыққанын айтты, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Бұл туралы жәбірленуші #НеМолчи қоғамдық қорына шағымданып, кінәлі азаматтың бостандықта жүргенін хабарлаған.

30 мамырда екінші топтағы мүгедек әйел күйеуі жұмыс істейтін гараждың алдында «ходунокқа» сүйеніп тұрған. Артынша көшеден шу шыққан, әйел ақ BMW автокөлігінің күйеуі жөндеген барлық көлікті соққанын көрген.

«Мен барып, көліктерді соққан адам қашып кетпеуі үшін көлігінің кілтін алмақ болдым. Алайда көліктерді соққан адамның жанында болған менің көршім басымды рөлге ұра бастады. Шашымды жұлып, темірмен ұрды, аяғым мен арқамнан тепті», — дейді жәберленуші Ләззат Жарықбаева.

Оның сөзінше, көлік рөлінде болған адам 15 күнге қамалған, ал көршісіне қатысты ешқандай шара қолданылмаған.

«Менің белім сынып, енді жүре алмай қалдым. Ми жарақаты анықталды», — дейді әйел.

Қазір елордалық әйел төсектен тұра алмайды. Ал оның денсаулығына келтірілген жарақаттың ауырлығын анықтау үшін қымбат сараптама қажет.

Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті жағдайға қатысты толық ақпарат беретінін жеткізді.

Оқи отырыңыз:

Біздің әлеуметтік желілердегі парақшаларымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз