Шавкат Мирзиёев Рамзан Кадыровқа Ораза айт мерекесі қарсаңында сыйлық жіберген

Фото: centralasian.org

Ораза айт мерекесі қарсаңында Өзбекстан делегациясы Шешенстанға барып, мемлекет басшысы Рамзан Қадыровқа президент Шавкат Мирзиёевтың атынан Бұхарадағы Калян минаретін бейнелейтін туындыны тарту еткен. Бұл жөнінде Рамзан Қадыровтың өзі Telegram-каналы арқылы хабарлады.

Рамзан Қадыров әкесі Бұхарадағы медреседе оқығанын, ол жайында үнемі жылы естеліктер айтатынын есіне алған.

Қадыров Мирзиёевке алғысын жеткізіп, Өзбекстан мен Ресей арасындағы саяси және мәдени қарым-қатынас жемісін беріп келеді деген.

Telegram-каналындағы жариялаған видеоға қарағанда, «Калян минареті» сыйлығын жасауға 3,4 келі күміс жұмсалған. Сонымен бірге күмбезіне алтын жалатылған.

Дереккөз: centralasian.org

Оқи отырыңыз: