ҚР ҰҚК Шекара қызметі Қостанай облысы бойынша департаменті облыстық драма театрымен бірге ҚР ҰҚК Шекара қызметі әскери қызметшілерінің жауынгерлік қызметі туралы «Шекара» атты спектакль дайындады және алғашқы қойылымы 2023 жылғы 5 қыркүйекте жарық көрді.
Қыркүйек айында спектакль Қостанай қаласында, ал қазан-қараша айларында Қостанай облысының барлық аудандарында қойылады.
Аталған қойылым ҚР ҰҚК Шекара қызметінің имиджін және әскери қызметтің беделін арттыру, жастар мен тұрғындарды патриоттық сезімге тәрбиелеу мақсатында іске асырылуда. Мұндай жоба Шекара қызметінде алғаш рет ұйымдастырылуда. Шығарма шекара сақшыларының шынайы өмірінен алынған.
Шекара сақшыларының жауынгерлік қызметінен сыр шертетін пьеса көрермендер мен оқырмандардың көңілінен шықты және адамдар арасында Шекара қызметі туралы оң көз қарас қалыптастырды.
Пьесаның авторларының бірі ҚР ҰҚК Шекара қызметінің офицері майор Манарбек Қарекенов болды.
Дереккөз: ҚР ҰҚК Шекара қызметі Қостанай облысы бойынша департаменті