Шу қаласында дастарқандас 5 адам төбелесіп, екеуі көз жұмды

Фото: видеодан алынған кадр

Думанды отырыстың соңы кісі өлімімен аяқталды. Жамбыл облысында дастарқандас болған бес адам бір-бірімен төбелесіп, екеуі көз жұмды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.  

Қанжоса төбелес Шу қаласында болған. Кешқұрым бір үйде бас қосқан бес адам ішімдікке тойып алып бір-бірімен ерегіскен. Жағажыртыс төбелеске ұласқан жанжалдан үш адам ауыр жарақат алды. Оның екеуі сол жерде жан тапсырса, біреуі ауруханаға жеткізілген. Қазір дәрігерлер оны аман алып қалу үшін күресіп жатыр. Белгілі болғаны, сол жердегі 44 және 34 жастағы екі жергілікті тұрғын күдікті ретінде ұсталып қамауға алынды. Аталмыш дерекке қатысты іс қозғалып, тергеу басталды.

Оқи отырыңыз:

Біздің әлеуметтік желілердегі парақшаларымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондайақ біздің Facebook тегі тобымызға қосылыңыз