Шығыс Қазақстанда күннің жылынуы мен қар аралас жаңбыр салдарынан қар көшкіні жүрді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Қар көшкіні 6 наурыз күні сағат 18:40-та Катонқарағай ауданында «Согорное-Барлық» жергілікті жолының 16-шы шақырымында жүрді. 1250 текше метрді құраған көшкін жолды жауып тастады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
«Жергілікті атқарушы органдар жолды тазарту жұмысын жедел ұйымдастырды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ», — делінген хабарламада.
Төтенше жағдайлар қызметі қар көшкіні қаупіне қатысты жіберлетін дабылды ескертуге назар аудару қажет екенін атап өтті. Мұндай кездері тауға шықпауды, қар көшкіні жүруі мүмкін аумақтағы жолдармен жүрмеуді еске салады.
Оқи отырыңыз:
- Қазақстанда жаңа көліктер қымбаттай бастады
- Былтыр Қытайдан әкелінетін тауарлардың құны 3,2 есе қымбаттады
- Президент әкімдерге қатысты жарлыққа қол қойды – құжат мәтіні ертең жарияланады