Шығыс Қазақстанда нәрестелер перзентханадан ұлттық киімде шығарылып жатыр

Фото: instagram.com/semey24/

Наурыз мейрамы қарсаңында Шығыс Қазақстанда жаңа туған нәрестелерді перзентханадан ұлттық киімде шығарып жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан жергілікті Semey24 жаңалықтар паблигіне сілтеме жасап.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ⭐NEWS 🔹️НАСТОЯЩИЙ @SEMEY24 (@semey24)

Бұл игі дәстүр облыстың аудандық ауруханаларында бірнеше жылдан бері қайталанып келеді. Аягөз ауданаралық ауруханасының перинаталдық бөлімінде алғашқы он бала ұлттық киімде үйіне шықты.

«Жақында айдың басында туған егіздер шығарылды. Салмағы 1 200 грамм және 1 300 грамм екенін қоспағанда, балалардың жағдайы жақсы. Осы уақыт ішінде балалар салмақ жинады, біз неонатологиялық көмекті толық көрсеттік», — деді Аягөз ауданаралық ауруханасының бас дәрігері Шалқар Омаров.

Наурыз қарсаңында мерекелік көңіл күй екінші Тарбағатай аудандық ауруханасында да сезіледі.

Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мереке күндері бүлдіршіндерді ұлттық киімде шығару жоспарланғанын хабарлады.

Оқи отырыңыз: