Шымкент маңында алты жасар бала бассейнге батып кетті

Фото: Шымкент қ. ТЖД

4 шілдеде Шымкент қаласының жанындағы Қайнарбұлақ ауылында кішкентай бала бассейнге батып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қаланың төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, бала ата-анасымен бірге демалыс базасына барған. Ол бассейнде құтқару шеңберінің көмегімен шомылып жүрген. Бала уақытша қараусыз қалған кезде суға батып кеткен.

Оқиғаға қатысты сот сараптамасы тағайындалды.

Оқи отырыңыз: