Басты бет Оқиға Шымкентте аурухана бас дәрігері адам органдарын заңсыз алғаны үшін ұсталды

Шымкентте аурухана бас дәрігері адам органдарын заңсыз алғаны үшін ұсталды

Ағымдағы жылдың 18 қарашасында ІІМ тергеу басқармасы Шымкент қаласындағы №1 қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері Донбай Абылай Абдужаппарұлын ұстап, қамауға алды, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 264 бабының 2-бөлігі (трансұлттық қылмыстық топқа қатысу) және 116 бабының 3-бөлігі (адам органдарын заңсыз алу) бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген айып тағылуда.

Сотқа дейінгі тергеу анықтағандай, 2017-2018 жылдары Қазақстан Республикасының аумағында шетел азаматтарының ұйымдастырумен адам ағзаларын трансплантациялаумен айналысқан тұрақты қылмыстық топ құрылған.

Донор ретінде қиын қаржылық жағдайға байланысты бүйректерін сатуға мәжбүр болған Өзбекстан, Қырғызстан және Украина азаматтары пайдаланылған. Ал сатып алушылар шетелдің ауқатты азаматтары, негізінен Израильдің азаматтары болған.

Тергеу анықтағандай, Донбай А.А. адам ағзаларын сатуға заңмен тыйым салынғанын біле тұра, қылмыстық топ мүшелерімен алдын ала келісім бойынша ақшалай сыйақы үшін бүйректерді алу және ауыстыру бойынша заңсыз ота жасаған.

Трансплантолог дәрігер Құттымұратов және қылмыстық топтың тағы бір мүшесі, Қырғызстан азаматшасы Б.Тайсалова бұдан бұрын ұсталып, қамауға алынған.

Қазір қылмыстық істі сотқа жолдау шаралары жүргізілуде.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Халықаралық әуе рейстерінің қайта жанданғаны рас па: комитет жауап берді

Азаматтық авиация комитеті халықаралық рейстерге билет алушыларға үндеу жасады. Мамандардың айтуынша, әуе билеттерін сату және сатып алу халықаралық рейстердің ашылғанын білдірмейді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ...

Бурабайда полиция қызметкері адам қағып өлтіріп, қашып кеткен

Полиция қызметкері тағы да жол апатын жасады! Жылдамдықты шамадан тыс асырған шенді тәртіп сақшысы Бурабайға кіре берісте адам қағып кеткен, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Нұрлан...

Ақтөбеде хром қосылыстары зауытында 4 адам көз жұмды

Техника қауіпсіздігі ережесін бұзу салдарынан Ақтөбе хром қосылыстары зауытының төрт қызметкері қаза болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Оқиға 28 мамыр күні "АХҚЗ" АҚ-ның №4 цехында...

Тепловизор және дезинфекция түнелі: ҰБТ тапсыру орындары қалай жабдықталады

Қазақстанда мектеп түлектері ҰБТ-ны карантинге байланысты ерекше санитарлық жағдайда тапсырады, деп жазады Sputnik Қазақстан.   Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізілетін орындар тепловизор, дезинфекция түнелі және аяқ киімді...

Сөмкесінен екі бума ақша шықты – әкімдіктің лауазымды тұлғасы ұсталды

Ақтөбе қаласы әкім аппаратының лауазымды тұлғасы парамен ұсталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі шенеунікті ұстау видеосын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Видеода құқық қорғаушылардың сөмкеден...

Әкімнің заңсыз әрекеті әшкере болды — видео

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысында пара алған әкім ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Ресми мәліметке сәйкес, Келес ауданына қарасты Жамбыл ауылдық округының...

1-сыныпқа баратын балалардан тест алуға ешкімнің қақы жоқ

Балаларды бірінші сыныпқа қабылдаған кезде мектеп олардан тест алуға құқылы емес. Бұл туралы Алматы қаласының білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің басшысы Гүлнәр Ермекбаева мәлімдеді,...