Шымкент қаласында ірі көлемде алаяқтық жасаған үш әйел ұсталды. Олар халықты 400 миллион теңгеге алдап кеткен, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Тергеу материалдарына сәйкес, өткен жылдың күзінде алаяқ әйелдер дүкенге кірген қала тұрғынына жолығып, тез баюдың қызықты схемасын ұсынған. Сөйтіп «300 мың теңгені өзіңе алып, 700 мың теңгені бізге берсең, кредитті толықтай өзіміз жабамыз» деп, бір миллион теңге кредит алуға көндірген. Бірақ кредит төлейтін уақыт жақындағанда із-түзсіз жоғалып кеткен. Жәбірленуші бірден полицияға хабар берді.
Полицейлер алдымен алаяқтар жүрген жердегі бейнекамераларды көріп шықты. Көп ұзамай ізіне түсіп, үшеуінің жеке басын анықтады. Олардың бәрі қамауға алынды.
«Үшеуі де Түркістан облысының тумасы болып шықты. Тергеу барысында бір схема бойынша алаяқтардың 500-ге жуық адамды алдағаны белгілі болды. Жалпы шығын шамамен 400 миллион теңгені құрап отыр», — дейді полицейлер.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, бірнеше рет жасалған әрекет) бойынша тергеу шаралары басталды. Оған сәйкес, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Кінәлі деп танылған адамдардың мүлкі тәркіленеді.
Оқи отырыңыз:
- Тоқаев Орталық Азия елдері мен Үндістан басшысына өтініш жасады
- Ләңгіні жігіттерден мықты ойнаған жас келін елдің көңілін көтерді (видео)
- 50 пайызын мемлекет төлейді: Министрлік тұрғын үйді жалға алу құнының жартысын төлеу тетігін әзірледі
Біздің әлеуметтік желілердегі парақшаларымызға жазылыңыз: Telegram, Instagram, Twitter, Facebook
Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз