Басты бет Экономика Қаржы Шымкентте мүгедектер төлемеуі тиіс салықты төлеп келген

Шымкентте мүгедектер төлемеуі тиіс салықты төлеп келген

Фото: миито.рф

ҚР Салық Кодексіне сәйкес мүмкіндігі шектеулі (мүгедек) азаматтар мүлік, көлік, жер және т.б. салықтардан босатылған, алайда Шымкенттегі салық органдары аталған санаттағы азаматтардан заңсыз салық төлеуді талап етіп келген, деп хабарлайды MediaWorld.kz.

«Шымкент қаласының прокуратура органдары жүргізген тексеру және талдау жұмыстарының нәтижесінде 433 мың азаматтың құқықтары қорғалды. Прокуратура органдарының ықпал етуімен аталған салықтарды төлеп келген мүмкіндігі шектеулі 1200 азаматтың құқықтары қорғалып, оларға  заңсыз салынған салық төлемдері қайтарылған», — делінген қалалық прокуратураның хабарламасында.

Қаратау ауданы прокуратурасымен білім басқармасында жүргізілген талдаудың нәтижесінде орта білім беру ұйымдарының педагогтарын медициналық зерттеп — қараудан тегін өтуі қамтамасыз етілмей келгенін анықталған. Енгізілген қадағалау актісі негізінде 17 879 педагогтың медициналық зерттеп — қараудан тегін өтуіне 18,9 млн. теңге қаралған.

Денсаулық сақтау ұйымдарына енгізілген қадағалау актісі негізінде      3 мыңға жуық кәмелетке толмағандарға заңмен белгіленген кепілді медициналық көмектің көлемі көрсетілген.

Қалалық прокуратураның Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылар құқықтарын қорғау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментіне енгізген ұсынуы негізінде «Жеңіс» ЖШС қамтамасыз ететін табиғи газдың 1 000 текше метрі үшін тариф 3587,67 теңгеден 3497,91 теңгеге азайтылып, 11 мың тұтынушы құқықтары қорғалды.

Осы ұсыну шеңберінде «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақтың 14 кәсіпкер су пайдалунышулары үшін судың бағасы 4,53 теңгеге азайтылған.

Еңбекші аудан прокуратурасының Еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасына берген тапсырмасына сәйкес жүргізілген тексеру нәтижесінде «Хлопкопром-Целлюлоза»ЖШС-і 118 жұмыскерге қарыз болған 14 млн. теңге жалақысын өтеді.

 

Соңғы жаңалықтар

1 маусымнан бастап қай қалаларға пойыздар жүре бастайды — толық тізім

2020 жылы 13 мамырда өткен Қазақстан Республикасы аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында ел ішінде жолаушылар пойыздары...

Іле-Алатауы ұлттық паркінің бір бөлігі жекеменшік компанияның басқаруына берілді

Іле Алатауы ұлттық паркінің бір бөлігі 49 жылға жеке компанияның ұзақ мерзімді пайдалануына берілді, деп хабарлайды zakon.kz. ҚР ИДМ "Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" РММ...

1 маусымнан бастап курорттар мен шипажайлар ашылады

Қазақстанда 1 маусымнан бастап курорттық, емдеу-сауықтыру нысандары ашылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Шешім премьер-министр орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссия отырысында қабылданды. "2020 жылғы 1...

Індет жұқтырғандар саны артып барады, нақты шешімдер қажет – Тоқаев

Қалаларда карантин шаралары сақталмағандықтан індет жұқтырғандар саны артып барады, деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев twitter-дегі парақшасында, деп хабарлайды zakon.kz. - Қалаларда карантин шаралары сақталмағандықтан індет...

Автокөліктің терезесінен басын шығарған баланың ата-анасына айыппұл салынды (видео)

Әлеуметтік желіде кәмелетке толмаған балалардың жолда автокөліктің терезесінен басын шығарып отырған видеолары таралған еді. Ата-аналарына айыппұл салынды, деп хабарлайды Polisia.kz. Кәмелетке толмағандардың жүріп келе жатқан...

Шағын және орта бизнеске 160 миллиард теңге жеңілдетілген кредит берілді

Шағын және орта бизнес өкілдеріне 160 миллиард теңге көлемінде жеңілдетілген кредит берілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Шағын...

Білім және ғылым министрі оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтады

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтады, деп хабарлайды zakon.kz. Биыл 1-10 сыныптарға арналған соңғы қоңырау онлайн режимінде өтеді. 3...