Басты бет Оқиға Шымкентте отбасылық жанжал қантөгіспен аяқталды (видео)

Шымкентте отбасылық жанжал қантөгіспен аяқталды (видео)

Шымкентте отбасылық жанжал қантөгіспен аяқталды, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

— Оқыс оқиға көпқабатты үйдің бірінші қабатындағы мына пәтерде болған. Қазір бұл үйде ешкім жоқ секілді, есікті ашпайды. Көршілердің білуінше, қанды қылмыс кеше түс ауа болыпты.

Нұрсәт шағын ауданындағы тұрғын үйлердің бірінде болған қылмыстың ізі әлі сайрап жатыр. Терезеге жағылған қан дақтары әлі жуылып үлгермепті. Оқиға куәгерлерінің сөзінше қанға боялған келіншек терезеден сыртқа секіріп кетіпті. Көршілерді үлкен қызы көмекке шақырыпты.

Байсапар ТӨЛЕШОВ, КӨРШІ:

— Келгелі біз шок болып қалдық қой, ондай да болады екен ау деп… Мұндай нәрсені естімегенбіз де, көрмегенбіз де.

— Күйеуі ашуланып әйелін не істеген дейді ғой, соны ғана білем, басқасын білмейм.

— Ол кезде үйде болдыңдар ма, қатты шулады ма адамдар, шуламады ма?

— Ол жағын естімедім, бірақ қызы келді бізге.

— Не деді?

— Қызы келім «мамам, мамам..» деп айтқаннан кейін біз барып көріп едік, балконында бағанағы оқиға боп жатты, сонан кейін кетіп қалдым мен. 

Қансыраған ерлі-зайыптылар қазір ауруханада. Дәрігерлер 38 жастағы келіншектің денесіне оншақты жерден түскен пышақ жарақатының орнын тіккен. Оның жағдайы бірқалыпты деп отыр. Ал оның 48 жастағы күйеуіне операция жасауға тура келген. Жансақтау бөліміне жатқызылған ер азаматтың хәлі ауыр.

Тайбек САДЫҚОВ, ШЫМКЕНТ қ. № 1 КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

— Түскен кездегі диагнозы көптеген мойын аймағының жарақаты, яғни бұл жерде қалқанша безі және де трахеяның зақымдануымен келіп түсті. Түскен кездегі осы ота бөліміне жатқызылып, бірінші тиісті ота жасалынды. Операциясы, яғни қалқанша безінің қанау қан тамырларын тоқтатып жасалды және екінші трахеяға трахестонический түтікше қойылды.

Қазір бұл іспен полиция айналысып жатыр. Құқық қорғаушылардың дерегінше, қантөгіске отбасылық-тұрмыстық жанжал себеп.

Әсел СӘДЕНОВА, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

— Жанжал барысында жұбайы әйеліне пышақ жарақатын салып, кейін ол өзіне-өзі қол жұмсамақ болған. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Тиісті сараптамалар да тағайындалды.

Алайда өз әйелін пышақтап, кейін өзіне қол салды деген азаматттың ет жақындары бауырлары мұндай қатігездікке барды дегенге сенгісі жоқ. Олар мұны үшінші бір адам жасады деген ойда. Туыстарының білуінше сол күні ішкілік қойылған дастархан басында бірнеше адам болған көрінеді.

Бақыт ӘБЖАППАРОВ, ТУЫСЫ:

— Врачтардан сұрадым, жағдайын сұрадым. жағдайын сұраған едім, «үш жерден ба қырқылған» деді. Ол адам мойнына үш жерден пышақты қырқа алады деп мен ойламаймын. Сүйегіне дейін өткен деген әңгіме бар осы жерде.

Ерлі-зайыптының азаматтық некеден қыздары бар. Ал туыстарының айтутынша, жанжал 70 мың теңгенің жоғалуынан басталған.

Әлия ӘБЖАППАРОВА, ТУЫСЫ:

— Жеңгем 70 мың ақша жоқ деп осы жанжалды көтеріп отыр. Үйімде ақша ұрланды деп жанжал көтерген жеңгем боп отыр бұл жерде. Мен жеңгем істеді деп отырмын, ашу үстінде барлық нәрсе болады.

Қанды қылмыстың нақты себебі тергеу барысында мәлім болмақ. Әзірге ауруханада жатқандардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ деп отыр дәрігерлер.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

1 маусымнан бастап қай қалаларға пойыздар жүре бастайды — толық тізім

2020 жылы 13 мамырда өткен Қазақстан Республикасы аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында ел ішінде жолаушылар пойыздары...

Іле-Алатауы ұлттық паркінің бір бөлігі жекеменшік компанияның басқаруына берілді

Іле Алатауы ұлттық паркінің бір бөлігі 49 жылға жеке компанияның ұзақ мерзімді пайдалануына берілді, деп хабарлайды zakon.kz. ҚР ИДМ "Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" РММ...

1 маусымнан бастап курорттар мен шипажайлар ашылады

Қазақстанда 1 маусымнан бастап курорттық, емдеу-сауықтыру нысандары ашылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Шешім премьер-министр орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссия отырысында қабылданды. "2020 жылғы 1...

Індет жұқтырғандар саны артып барады, нақты шешімдер қажет – Тоқаев

Қалаларда карантин шаралары сақталмағандықтан індет жұқтырғандар саны артып барады, деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев twitter-дегі парақшасында, деп хабарлайды zakon.kz. - Қалаларда карантин шаралары сақталмағандықтан індет...

Автокөліктің терезесінен басын шығарған баланың ата-анасына айыппұл салынды (видео)

Әлеуметтік желіде кәмелетке толмаған балалардың жолда автокөліктің терезесінен басын шығарып отырған видеолары таралған еді. Ата-аналарына айыппұл салынды, деп хабарлайды Polisia.kz. Кәмелетке толмағандардың жүріп келе жатқан...

Шағын және орта бизнеске 160 миллиард теңге жеңілдетілген кредит берілді

Шағын және орта бизнес өкілдеріне 160 миллиард теңге көлемінде жеңілдетілген кредит берілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Шағын...

Білім және ғылым министрі оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтады

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтады, деп хабарлайды zakon.kz. Биыл 1-10 сыныптарға арналған соңғы қоңырау онлайн режимінде өтеді. 3...