Шымкенттегі көппәтерлі үйден пышақ жарақаты салынған қыздың мәйіті табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, 17 қаңтарда Абай аудандық полиция басқармасына 1 мамыр көшесі бойында орналасқан пәтерден қыздың мәйіті табылғаны туралы хабарлама түсті.
Оқиға орнына жедел-тергеу тобы барып, марқұмның кім екенін анықтады. Жасы 27-де, мәйітті қарау кезінде пышақ жарақаттары анықталды.
«Осыған байланысты Қазақстан Қылмыстық кодексінің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Жедел іздестіру шаралары барысында 18 және 19 жастағы Түркістан облысының тұрғындары ұсталды», — дейді полицейлер.
Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу шаралары жалғасып жатыр.
Оқи отырыңыз:
- Қасіретті қаңтар: Ақтөбеде қаза тапқандар мен жараланғандар туралы мәлімет жарияланды (видео)
- Утилизациялық алымның мөлшерлемесі ақпан айының соңына дейін бекітіледі
- Жүкті әйелін өлтірген ер адамның кінәсі дәлелденді – қылмыстың мән-жайы
Біздің әлеуметтік желілердегі парақшаларымызға жазылыңыз: Telegram, Instagram, Twitter, Facebook
Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз