Басты бет Қоғам Шымкентте педофилге химиялық кастрация арнайы дәрінің болмауынан жасалмай отыр (видео)

Шымкентте педофилге химиялық кастрация арнайы дәрінің болмауынан жасалмай отыр (видео)

Шымкентте педофилге химиялық кастрация арнайы дәрінің болмауынан жасалмай отыр. Антиандрогендік гармоналды дәрі қорда жоқ, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.

Айта кетейік, былтыр мегаполисте алғаш рет екі адамға химиялық кастрация жасауға үкім шыққан болатын.

Рано УЛХОДЖАЕВА, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ҚЫЛМЫСТЫҚ АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ СОТТАЛҒАНДАРДЫ МЕДИЦИНАМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ТОБЫНЫҢ БАС МАМАН ДӘРІГЕРІ:

— Денсаулық сақтау басқармасымен 2019 жылға аталған дәрілік зат сатып алынбауына байланысты химиялық кастрация бүгінгі күнде жүргізілмей жатыр. Антиандрогендік дәрілік заттарды 2020 жылы сатып алғаннан соң емдеуді бастау жоспарлануда. Ал екінші сотталған химиялық кастрция жүргізуге денсаулығы жарайтын болса ем басталады, ал жарамайтын болса сотталған мекеменің емдеу бөлімінде диспансерлік бақылауда болады.

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы өткен жылы сотта кәмелет жасына толмағандарға зорлық-зомбылық сипаттағы 14 қылмыстық іс қаралғанын айтты. Соның екеуі сотпен педофил деп танылған. 15 жылдан жаза арқалағанның екеуі де Шымкент қаласының жұмыссыз тұрғыны. Тергеу дәйектеріне сүйенсек, алғашқысы 8 және 12 жасар қызды зорламақ болған. Екіншісі өзінің азаматтық некедегі әйелінің ұлына сексуалдық сипаттағы әрекет жасаған.

Әбинұр ҚАРАБАЕВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:

— Кінәсі дәлелденгеннен кейін біз сот-психиатриялық сараптаманы басшылыққа алып, ол жерде педофил боп танылған және оларға химия- кастрация тағайындау қажет деп табылған соң біз оларға химия-кастрация тағайындағанбыз.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

1 маусымнан бастап қай қалаларға пойыздар жүре бастайды — толық тізім

2020 жылы 13 мамырда өткен Қазақстан Республикасы аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында ел ішінде жолаушылар пойыздары...

Іле-Алатауы ұлттық паркінің бір бөлігі жекеменшік компанияның басқаруына берілді

Іле Алатауы ұлттық паркінің бір бөлігі 49 жылға жеке компанияның ұзақ мерзімді пайдалануына берілді, деп хабарлайды zakon.kz. ҚР ИДМ "Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" РММ...

1 маусымнан бастап курорттар мен шипажайлар ашылады

Қазақстанда 1 маусымнан бастап курорттық, емдеу-сауықтыру нысандары ашылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Шешім премьер-министр орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссия отырысында қабылданды. "2020 жылғы 1...

Індет жұқтырғандар саны артып барады, нақты шешімдер қажет – Тоқаев

Қалаларда карантин шаралары сақталмағандықтан індет жұқтырғандар саны артып барады, деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев twitter-дегі парақшасында, деп хабарлайды zakon.kz. - Қалаларда карантин шаралары сақталмағандықтан індет...

Автокөліктің терезесінен басын шығарған баланың ата-анасына айыппұл салынды (видео)

Әлеуметтік желіде кәмелетке толмаған балалардың жолда автокөліктің терезесінен басын шығарып отырған видеолары таралған еді. Ата-аналарына айыппұл салынды, деп хабарлайды Polisia.kz. Кәмелетке толмағандардың жүріп келе жатқан...

Шағын және орта бизнеске 160 миллиард теңге жеңілдетілген кредит берілді

Шағын және орта бизнес өкілдеріне 160 миллиард теңге көлемінде жеңілдетілген кредит берілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Шағын...

Білім және ғылым министрі оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтады

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтады, деп хабарлайды zakon.kz. Биыл 1-10 сыныптарға арналған соңғы қоңырау онлайн режимінде өтеді. 3...