Басты бет Оқиға Қылмыс Шымкентте полиция подполковнигі 10 жылға сотталды

Шымкентте полиция подполковнигі 10 жылға сотталды

Шымкентте ауданаралық тіркеу және емтихан алу бөлімнің бұрынғы басшысы 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды zakon.kz Шымкент қаласы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шымкенттегі қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта Сарыағаш ауданаралық тіркеу және емтихан алу бөлімінің бұрынғы басшысына қатысты сот үкімі жарияланды.

— Б.Ешанқұлов облыстық және аудандық РЕО басшыларымен бірге ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында болып, 2015 — 2016 жылдары қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланып, жүргізуші куәлігін тиісті сараптамасыз заңсыз берген деп күдікке ілініп, ол кінәлі деп танылды. Сондай-ақ ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлеріне пара берді деп айыпталды, делінген сот хабарламасында.

Сотталушы кінәсін ішінара мойындады.

— Сот үкім шығарған кезде жеңілдік шараларын қарастырып, оның қылмыстағы рөлі, сотталушының жеке басы және кәмелетке толмаған төрт баласы болғанын ескерді. Сот Б.Ешанқұловты 10 жылға бас бостандығынан айырып, мемлекеттік қызметте және құқық қорғау органдарында жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырды. Ол «полиция подполковнигі» арнайы атағынан да айырылған. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ, — деп мәлімдеді сот.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...