Басты бет Оқиға Шымкентте әріптесін зорлаған дәрігердің ісі қайта қаралды – сот үкім шығарды

Шымкентте әріптесін зорлаған дәрігердің ісі қайта қаралды – сот үкім шығарды

Шымкент соты медбикені зорлады деп айыпталған дәрігердің ісі бойынша қабылданған шешімді қайта қарады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Шымкент қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2020 жылдың 9 маусымдағы қаулысымен аудандық соттың 2019 жылдың 21 қазанындағы ақтау үкімінің күші жойылып, жаңа айыптау үкімі шығарылды, деп хабарлады Шымкент қаласы сотының ресми сайты.

«Жаңа айыптау үкімімен Н.-ға қылмыстық кодекстің 120-бабының 1-бөлігімен («Зорлау») 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы, ал 121-бабының 1-бөлігімен («Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері») 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Кодекстегі 58-баптың 2-бөлігін («Қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша жаза тағайындау») басшылыққа алып, онша қатаң емес жазаны неғұрлым қатаң жазаға ауыстыру арқылы Н.-ға түпкілікті 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», – делінген ақпаратта.

Сотталушы сот залында қамауға алынды. Апелляциялық үкім 2020 жылдың 9 маусымында заңды күшіне енді.

Сонымен қатар сот алқасы моральдық зиянды өтеу туралы жәбірленушінің қойып отырған азаматтық талабын ішінара қанағаттандырып, оның пайдасына сотталған азаматтан 1 миллион теңге өндірілді.

Сот алқасы жаза тағайындау кезінде қылмыстық кодекстің 52-бабының («Жаза тағайындаудың жалпы негіздері») талаптарын сақтай отырып, жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтардың сипаты мен қоғамға қауіптілік дәрежесін, сотталушының жеке басына байланысты деректерді, оның жазасын ауырлататын мән-жайлардың болмағанын, асырауында жас балаларының болуын ескерді.

«Апелляциялық сот алқасы сот тергеуін қайта жаңғыртып, іс материалдарын объективті түрде жан-жақты әрі толыққанды зерттеп, зерделеп жәбірленушінің сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезіндегі және сот отырыстарындағы біркелкі берген жауаптарын шынайы деп бағалады. Н.-ның тарапынан зорлау және сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері болған деп таныды», – делінген хабарламада.

Бір кабинетте отыратын әріптесін зорлады

2019 жылы 18 сәуірде Шымкент қаласындағы облыстық клиникалық аурухананың медбикесі полицияға арыз жазды. Айтуынша, 16 сәуірде оны бір кабинетте отыратын әріптесі жұмыс орнында зорлаған.

Тергеу ұзаққа созылып, іске «НеМолчи.KZ» қоғамдық қозғалысының жетекшісі Дина Смайылова араласты.

Нәтижесінде, резонанстық іс сотқа жетіп, айып тағылған нефролог дәрігер сәуір айында қызметінен босатылған.

Тергеу барысында ол кінәсін бірде мойындап, бірде бас тартқан. Басында дәрігер өз кінәсін мойындаған. Оның сөзі видеоға да түсірілген. Алайда сотта ол сөзінен бас тартып, мүлдем басқа жерде болғанын мәлімдеді. Аурухананың бейнекамералары түсірген видео материалдар жоғалып кетті. Күдіктінің кешірім сұрап жатқан видеосы да іске қосылған жоқ. Аурухана басшылығы зардап шеккен медбикеге қысым жасап, ымыраға келуді талап еткен. Ал сот кезінде куәгерлер мен медициналық сараптаманың нәтижесі расталған жоқ.

2020 жылдың 21 қазанында әл-Фараби аудандық сотының шешімімен медбикені зорлады деп айыпталған дәрігер ақталып шықты. Сот отырысы жабық режимде өтті.

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар министрлер мен әкімдерге қарсы петиция бере алмайды

Бүгін сенаттың жалпы отырысында депутаттар Қазақстандағы петиция институтын реттейтін заңды мақұлдап, қандай мәселелер бойынша петиция беруге болмайтынын түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Бүгін сенаттың жалпы отырысында...

«Шекара» спектаклі туралы

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Қостанай облысы бойынша департаменті облыстық драма театрымен бірге ҚР ҰҚК Шекара қызметі әскери қызметшілерінің жауынгерлік қызметі туралы "Шекара" атты спектакль...

Жетісу облысында нәрестені ұрлап кеткен ер адам ұсталды

Жетісу облысында әйелімен ұрсысып қалған ер адам 8 айлық нәрестені тартып алып, жасырын жерде ұстап отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.   Тәртіп бұзушы ұсталды. Ал...

Елімізде қандай салық түрі қысқарады: Қаржы министрінің жауабы

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бүгін мәжіліс кулуарында президенттің тапсырмасы бойынша Қазақстанда қандай салықтарды қысқарту жоспарланып жатқанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды. Журналистер министрден елде қашан...

Қазақстанда шомылу маусымы аяқталды: 3 айда 200-ге тарта адам суға кетті

Елімізде 31 тамызда суға түсу маусымы аяқталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жаз мезгілінде ведомствоның құтқарушылары судан 136 адамды құтқарды, оның 51-і –...

Джокович жаңа рекорд орнатты

Әлемдік рейтингте 2-орынла тұрған сербиялық теннисші Новак Джокович ерекше жетістікке жетті, деп хабарлайды BasSport.kz. Джокович 47-ші рет "Үлкен Дулыға" турнирінің жартылай финалына шықты. Осылайша ол карьерасын...

Маңғыстау облысында мектеп тапшылығы мәселесі шешілмей келеді

Маңғыстау облысы республикада туу көрсеткіші бойынша көш бастап тұр, деп жазады inbusiness.kz. Соның әсерінен жыл сайын бірінші сынып оқушыларының саны артып келеді. Жаңа мектептердің құрылысы...