Басты бет Қоғам Шымкентте "сыра королінің" сарайлары мен үйлері аукционға шығарылды

Шымкентте «сыра королінің» сарайлары мен үйлері аукционға шығарылды

Сотталған олигарх Тоқтар Төлешовтің қалған мүлкі электронды саудаға қойылды. Аукцион туралы Қазақстан қаржы министрлігі мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің сауда алаңында жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қолда бар мәліметтерге қарағанда, барлық төрт жылжымайтын мүлік нысаны бір пакетпен сатуға шығарылған, олардың жалпы бастапқы бағасы – 1 миллиард 204 миллион 708 мың 423,00 теңге. Аукцион 2020 жылдың 6 ақпанына жоспарланған және бағаны көтеру әдісімен өткізіледі.

Сонымен бірге саудаға шығарылған нысандардың ілеспе құжаттарында «Фосфорник» мәдениет сарайы 1 миллиард 66 миллион теңгеге бағаланғаны көрсетілген, бірақ оның жағдайы «қанағаттанарлықсыз«. Сатуға ұсынылған өндірістік (тұрғын емес) ғимарат пен екі тұрғын үйдің біреуінің жағдайы жақсы (ғимарат 63 миллион 299 мың теңгеге, бассейні бар екі деңгейлі тұрғын үй 62 миллион 315 мың теңгеге бағаланды). Төртінші нысан – аумағы 59,9 шаршы метрді құрайтын тұрғын үй пайдалануға жарамсыз, дегенмен ол 12 миллион 930 мың теңгеге бағаланды.

Тоқтар Төлешов не үшін сотталды

«Шымкент сыра» ​​зауытының бұрынғы иесі Тоқтар Төлешов 2016 жылдың қарашасында 21 жылға бас бостандығынан айырылды. Оған азаптау, кісі өлтіру, адам ұрлау, заңсыз бас бостандығынан айыру, экстремистік топ құру және оған басшылық жасау немесе оның қызметіне қатысу және басқа да баптар бойынша айып тағылды. Ол сонымен қатар билікті күшпен басып алуға бағытталған қылмыстық топты қаржыландырғаны, есірткіні заңсыз сатқаны үшін сотталды.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...