Басты бет Оқиға Қылмыс Шымкентте такси жүргізуші көлігінен секіріп түсіп, жолаушылардан қашып кетті

Шымкентте такси жүргізуші көлігінен секіріп түсіп, жолаушылардан қашып кетті

Түркістан облысының полицейлері такси жүргізушіні қорқытып, көлігін тартып алған қылмыстық топты құрықтады, деп хабарлады Sputnik Қазақстан  облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазығұрт АПБ-ге Шымкент қаласындағы такси фирмаларының бірінде жұмыс істейтін Ордабасы ауданының тұрғыны арызданады. Ол белгісіз 2 жас жігіт өзін ұрып-соғып, өлтіремін деп қорқыту арқылы 600 000 теңге талап еткенін, табан астында ондай ақша тауып бере алмағаннан соң, қашып құтылғанын айтқан.

Полицейлердің анықтауынша, күдіктілер такси қызметін пайдаланып, Қазығұртқа апарып-әкелуге келіскен.

Жәбірленушінің айтуынша, түнде жолда жүрген көліктер мен адам аяғы саябырсыған соң, «жолаушылар» пышақпен қорқытып, ақша талап еткен. Ақша болмаған соң, жүргізушіні өлтіреміз деп күш қолдана бастайды. Осы сәтте жәбірленуші жүріп бара жатқан көліктен секіріп түскен. Дене жарақатын алған жүргізуші жолдан көлік тоқтатып, аудандық полиция бөліміне келген.

«Аудандық полицейлер дереу жедел-іздестіру шараларына кірісіп, жәбірленуші мен куәгерлерден жауап алды. Жәбірленушінің көлігі оқиға орнынан 50 шақырым жерден, Сарыағаш ауданынан табылды», — делінген хабарламада.

Күдіктілердің жеке басы анықталып, біреуі Нұр-Сұлтан қаласына қашып бара жатқан жерінен Қордайда ұсталды. Ал екіншісі Шымкент қаласындағы жалдамалы пәтерден құрықталды. Күдікті жас жігіттердің екеуі де Сарыағаш ауданының жұмыссыз тұрғындары болып шықты.

Полицейлер табылған көлікті заңды иесіне қайтарды.

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыздар:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондайақ біздің Facebook тағы тобымызға қосылыңыздар

Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...

Алматы облысында аю талаған адамға қатысты тың мәлімет жарияланды

Алматы облысында қонжығын қорғамақ болған аю балық аулауға барған адамды талап өлтірді, деп хабарлайды Polisia.kz. Қайғылы оқиға 30 мамыр күні сағат 06.25 шамасында Алматы облысы...