Басты бет Аймақтар Шымкент Шымкенттегі карантинде сот пен полиция бөлімінің тап қасында дәмхана істеп келген (видео)

Шымкенттегі карантинде сот пен полиция бөлімінің тап қасында дәмхана істеп келген (видео)

Шымкентте карантин режимін пысқырмай, кәсібін дөңгелетіп отырған кафе анықталды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Үлкен жолдың бойында орналасқан «Сарыарқа» деп аталатын дәмхананың тура қарсысында аудандық сот пен полиция бөлімі орналасып, погондылар тіпті клиенті боп келген.

Бұл видеоны кездейсоқ жүргіншілер түсіріп, әлеуметтік желіге жүктепті. Дәмхананың ішінде топтасқан адамдар, жалпы саны 10-нан астам азамат жайбарақат ас ішіп отыр. Арасында тіпті полицейді де байқауға болады. Көбісінде бетперде де жоқ. Полиция бөліміне қарама-қарсы тұрған дәмхананың карантин тәртібін қашаннан бері бұзып келгенін ешкім айта алмады. «Бұл туралы енді білдік» — деген билік өкілдері, дәмхана қожайыны мен қызметкерлері айыппұл төлеп, не бірнеше тәулікке қамалуы мүмкін деп отыр.

Есімжан Заңқоев, Абай ауданы әкімінің орынбасары:

— Келемін дегенше, жаңа ішінде отырған адамдар  кетіп қалыпты. Тек екі-ұш адам қалған. Олар «алып кетуге келдім» деп отыр. «Тамақ өнімдерін үйге жеткізіп берумен айналысып отырмын» деп, қаулыға сәйкес. Заңды бұзды. 476 баппен хаттама толтырылып, айыппұл салу-салмауды енді сот өзі шығарады. Біз өзіміздің міндетімізді атқардық. 

Оқи отырыңыз:

Фото: видеоның скриншоты

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...

Алматы облысында аю талаған адамға қатысты тың мәлімет жарияланды

Алматы облысында қонжығын қорғамақ болған аю балық аулауға барған адамды талап өлтірді, деп хабарлайды Polisia.kz. Қайғылы оқиға 30 мамыр күні сағат 06.25 шамасында Алматы облысы...