Басты бет Қоғам Білім Шымкентте 63 талапты сақтамаған университет уақытша жабылуы мүмкін – БҒМ

Шымкентте 63 талапты сақтамаған университет уақытша жабылуы мүмкін – БҒМ

Шымкент қаласындағы университетте жүргізілген жоспардан тыс тексерудің нәтижелері белгілі болды, деп хабарлайды MediaWorld.kz БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2019 жылғы 5-15 тамыз аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Шымкент қаласының аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінде жоспардан тыс тексеру жүргізген болатын. Аталған оқу орнында жоғары оқу орындарының қызметіне қойылатын 78 талаптың 63-і сақталмағандығы анықталып отыр», — делінген ведомство таратқан хабарламада.

Жоспардан тыс тексеру барысында бірқатар бұзушылықтар анықталған, атап айтсақ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік стандартының талаптары бұзылған; жоғары оқу орындары қызметінің үлгілік ережелерінің талаптары сақталмаған; жоғары оқу орындарының білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкессіздік фактілері анықталған.

«Сондай-ақ, оқуға қабылдау тәртібін, білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау тәртібін, академиялық демалыс беру тәртібін сақтамау фактілері әшкереленіп отыр. Сабаққа қатыспаған бірқатар студенттердің сынақ-емтихан сессиясына қатысу фактілері тағы бар. Бұл ретте, аталған студенттер университетке ақша төлей отырып, сессияға жіберілген. Ведомость қағаздарында студенттің бағасы көрсетілмеген, алайда оқытушының қолы қойылған бос бағандар бар. Тіпті басқа аймақтарда тұрып жатқан және басқа ұйымдардың қызметкерлері болып табылатын адамдардың университеттің штаттық қызметкерлері болып қызмет етіп жүру фактілері анықталып отыр», — деп хабарлады БҒМ.

Сонымен қатар, Білім және ғылым министрлігіне университет түлектерін жұмысқа орналастыру деңгейі туралы жалған мәліметтер беріліп отырған. Мысалы, 2018 жылы жұмысқа орналасу деңгейі нақты 34,4 пайызды құрағанымен, университет тарапынан келген ресми есептерде 71,3 пайыз болып көрсетілген.

Білім беру саласындағы заңнаманы бұзу фактілері бойынша Министрлік университетке қатысты 3 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады: жоғары оқу орындары қызметінің үлгілік ережелерін бұзғаны үшін, мемлекеттік білім беру стандартын сақтамағаны үшін және лицензиялық талаптарға сәйкес келмегені үшін. Бүгінгі таңда білім беру саласындағы Заңнаманы бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығарылды.

«Ендігі кезекте әкімшілік өндіріс материалдары осы жылдың 23 тамызында қаралатын болады. ӘҚБтК-нің осы баптарының санкциялары әкімшілік айыппұл салуды, сондай-ақ лицензияның қолданылуын 6 айға дейінгі мерзімге тоқтатуды көздейді. Қабылданған шаралар туралы қосымша хабарлайтын боламыз», — деп хабарлады БҒМ.

Соңғы жаңалықтар

Сарыағаш ауданының тұрғыны оқушы ұлының зорланғандығын дәлелдей алмай жүр (видео)

Түркістан облысы Сарыағаш ауданының тұрғыны оқушы ұлының зорланғандығын дәлелдей алмай жүр, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы. Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:  - Жасөспірім зорлыққа ұшырады деген оқиға Жылға ауылындағы...

Мұнайлыдағы перинаталдық орталықта сәбидің мұрны түсіп қалды (видео)

Емдеймін деп мұрынсыз қалдырды! Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданындағы перинаталдық орталықта арнайы аппаратқа қосылған сәбидің мұрны бір түн ішінде шіріп түсіп қалды, деп хабарлайды КТК...

Назарбаев «Самұрық-Қазына» туралы: мұның бәрі Қазақстан халқына тиесілі

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры Қазақстан халқына тиесілі екенін азаматтар түсінуі керек. Бұл туралы Қазақстанның Тұңғыш президенті қорды басқару жөніндегі кеңестің отырысында айтты, деп хабарлайды...

«Біздің облыстың патриоты емессіздер»: Бақауов сұраққа нақты жауап бермеді

Павлодар облысының әкімі үшін ең күрделі рейтинг – президент әкімшілігінің беретін бағасы. Бұл туралы Болат Бақауов Нұр-Сұлтанда өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды Sputnik...

Ақтөбе облысында бір үйір киік суға батып кетті

Жайылымда жүрген жануарлар Ырғыз ауданының аумағындағы Телғара өзенінің үстінен өткен, деп хабарлайды «Хабар 24». Алайда мұз ойылып, 33 бас су түбіне кетіпті. Қорықшылардың айтуынша, батып...

«Ауыл тұрғындары қиналып жүр»: Тоқаев Көкшетауда үлкен жиын өткізіп жатыр

Ақмола облысында ауыл тұрғындары мал жаятын жер таппай қиналып жүр, деді президент Қасым-Жомарт Тоқаев облысты дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды. "Облыстағы...

Kaspi арқылы ақша аудару: қаржы министрлігі шешім қабылдады

Қаржы министрлігі қазақстандықтардың ақша аударымдарын тексеруді жоспарлап отырған жоқ. Бұл туралы бүгін бірінші вице-премьер – қаржы министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қаржы...