Басты бет Оқиға Төтенше оқиға Шымкенттегі жұмысшылардың қазасына не себеп болғаны айтылды

Шымкенттегі жұмысшылардың қазасына не себеп болғаны айтылды

Шымкентте жер қазу жұмыстарын жүргізу кезінде топырақ опырылып, екі адам қаза тауып, біреуі жарақаттанды. Полиция оқиғаны тергеуді бастады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Шымкент төтенше жағдайлар департаменті Sputnik Қазақстанға трагедияға жұмысшылардың қауіпсіздік ережелерін сақтамауы себеп болуы мүмкін екенін хабарлады.

«Әзірге қарастырылып жатқан негізгі нұсқа – техника қауіпсіздігін сақтамау. Толық ақпарат полиция жүргізіп жатқан тергеу барысында белгілі болады», — деп хабарлады Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің бас маманы Зарипа Тұрысбекова.

Топырақ құлаған кезде тірі қалған жұмысшының жағдайы

Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасынан алынған ақпаратқа сәйкес, қазіргі уақытта зардап шеккен қызметкердің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

«Дәрігерлер тағайындаған емді қабылдауда. Оның жағдайы қанағаттанарлық», — деді Тұрысбекова Sputnik Қазақстанға.

Топырақтың опырылуы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Шымкент қалалық полиция департаменті сотқа дейінгі тергеуді бастады.

«Ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 156-бабы –»Еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бойынша жүргізіліп жатыр», — деп түсіндірді Шымкент полициясының ресми өкілі Әсел Сәденова.

156-баптың 4-тармағында қарастырылған санкцияға сәйкес, еңбекті қорғау ережелерін бұзу салдарынан екі немесе одан да көп адамның абайсыздықтан өлуіне кінәлі деп танылған адам жеті жылға дейін бас бостандығынан шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілуі мүмкін, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырылады.

Іс прокуратура мен полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Шұңқырдағы топырақтың опырылуы

8 қараша күні кешке Шымкенттегі Назарбаев даңғылының бойында шұңқыр қазу кезінде топырақ опырылып құлап, жүргізушілер отырған үш техника үйінді астында қалды.

Бес сағатқа жуық уақытқа созылған іздестіру-құтқару жұмыстарының нәтижесінде «ЮгСтройСервис-Н» ЖШС жұмысшыларының біреуі құтқарылып, дереу ауруханаға жеткізілді. Тағы екеуінің мәйіті табылды.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Назарбаев әуежайында оқ атылды: оқиғаның мән-жайы белгілі болды

Нұр-Сұлтан қаласындағы әуежайда абайсызда атылған оқтан үш адам зардап шекті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Бұл оқиға 3 желтоқсанда болған. Алайда ол туралы енді ғана...

ҰҚК «Олимп» букмекерлік кеңсесіне қатысты тергеу жүргізе бастады (видео)

Алматы қаласы бойынша ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті мен қалалық прокуратура "Олимп" букмекерлік кеңсесінің әкімшілігіне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Олар заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырды...

Қорғаныс министрлігінің штаб батальоны командирі пара үшін сотталды

Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен ҚР Қорғаныс министрлігінің "61993 әскери бөлімі" РММ-нің штаб батальоны командирі Н.С.Қойбақовқа қатысты әскери қызметкердің әскери қызметін 1 айға...

Ауыл шаруашылығы министрлігі білім гранттарын бөлетін болды

ҚР Білім және ғылым министрлігінің ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша білім беру гранттарының көлемін анықтау жөніндегі функциялары Ауыл шаруашылығы министрлігіне беріледі, деп хабарлайды zakon.kz ҚР...

Батысқазақстандық әкімдердің әйелдері қонақ күтуден шаршаған (видео)

Іссапармен келген жоғары лауазымды шенеуніктерді қонақ қылып, сый-сияпат көрсетуден шаршаған Батыс Қазақстан облысындағы ауыл әкімдерінің бірі қызметінен кетті, деп хабарлайды Астана телеарнасы. Ал қалған әкімдер...

Елімізде кейбір мұғалімдерге 2,5 миллион теңге сыйақы төленеді

Халықаралық олимпиада, конкурстар мен спорттық жарыстардың жеңімпазын, жүлдегерін дайындаған мұғалімдерге үш лауазымдық айлық ақы мөлшерінде біржолғы сыйақы төленеді. Мәжіліс депутаттары "Педагог мәртебесі" туралы заң...

Жеке куәлікте әке атын жазуға қатысты өзгеріс енгізілді

Қазақстандықтар жеке куәлікті рәсімдегенде екі есімнен тұратын әкесінің атын дефис арқылы жаза алады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Депутат Майра Айсинаның айтуынша, бұған дейін екі сөзден...