Басты бет Қоғам Шымкенттің автобус жүргізушілері мен кондукторлары наразылыққа шықты (видео)

Шымкенттің автобус жүргізушілері мен кондукторлары наразылыққа шықты (видео)

Шымкентте автобус жүргізушілері мен кондукторлар жұмысқа шығудан бас тартып отыр, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.

«Shymkent Bus» автопаркінің елуге тарта қызметкері жұмыс берушінің жалақы сұрап барғандарды жаппай жұмыстан шығарып жатқанына наразылықтарын осылай білдірді. Айтуларынша, бастапқыда уәде етілген 180 мың теңге бүгінде 60 мың теңгеге қысқарып қалған. Оның өзін уақытында ала алмаймыз дейді.

Гүлнәр ЖҮНІСОВА, КОНДУКТОР:

— Жүргізушімен азаннан кешке дейін есек болып жұмыс істейміз. 3 мың теңге алсақ та соған риза болып қайтамыз. Ал жылы жерде отырғандар 220 мың, екі сағат пол жуатындар 60 мың алады. Біз сол 60 мыңды да ала алмай отырмыз. Біздің де қадірімізді түсінсін. Мына әкім не көріп отыр? Өзі орнында отырған әкім әкім ба? Орнында отырғаннан кейін бізге қарамайды ма?

Айгүл СӘЛІМБАЕВА, КОНДУКТОР:

— Таңғы сағат төрттен тұрамыз. Келеміз, бір күні жоспардан қалса аласың, қалмаса ол да жоқ. Жоспарыңды бір күн тапсырмай көрші – жұмысқа қоймайды, шығармайды. Алдына кірсек – қорқытады, үркітеді. «Ұнамаса құры!», — дейді.

Қала ішінде бес бағыт бойынша жолаушы тасымалдайтындар қазан айының еңбекақысын ала алмай жүргендерін жеткізді. Сондықтан күн көру қиындап, тіпті несиелері өсіп, шоттары бұғатталыпты. Олардың сөзінше, автопарк қожайыны өзім білермендікке салынып, айлық сұрағандарды шетінен жұмыстан шығара бастаған. Тіпті салықты аз төлеу үшін кондукторларды да штаттан шығарып тастады дегенді айтты. Ал автопарк директорының өзі мұның бәрі уақытша қиындық деп түсіндірді.

Елікбай ТОҚБЕРГЕНОВ, «SHYMKENT BUS» АВТОПАРКІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

— Қаңтардан бастап, Құдай қаласа субсидия беріледі. Бүгін мәслихат болады, мен сол жаққа барамын. Қазір айлық алып, шығып келе жатырсыздар ғой?! Айлық беріледі.

— Қашан?

— Беріліп жатыр ғой… Қыркүйектікін алдыңдар, қазандікі беріледі…

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Сыбайлас-жемқорлық индексі бойынша Қазақстан 113-ші орында тұр

Пара алу жағынан ішкі істер органдары алдына жан салмай келеді. Бұл туралы БАҚ өкілдеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мамандары хабарлады, деп жазады «Астана»...

Алматыда аудандық соттың төрағасы пара алды деген күдікпен ұсталды (видео)

Алматыда Бостандық аудандық сотының төрағасы ұсталды. Судья Алтынбек Баянов пара алды деген күдікке ілінген, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет таратқан видеода қара...

Шымкентте «сыра королінің» сарайлары мен үйлері аукционға шығарылды

Сотталған олигарх Тоқтар Төлешовтің қалған мүлкі электронды саудаға қойылды. Аукцион туралы Қазақстан қаржы министрлігі мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің сауда алаңында жарияланды, деп хабарлайды...

Көкшетауда курстасын құтқару үшін жанталасқан жігіттер жайлы видео таралды

Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің студенті оқу орнының алтыншы қабатының терезесінен құлап түсті. Әлеуметтік желілерде оқиға орнында түсірілген видео таралып жатыр, деп хабарлайды...

Елімізде бірнеше полиция қызметкері ұсталды (видео)

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ішкі істер министрлігінің жеке қауіпсіздік қызметімен бірлесіп, бірнеше облыста ІІМ қызметкерлері арасында жемқорлық фактілерінің алдын алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Батыс...

Әкімнің «креслосын» сатып алмақ болған шенді қызметінен айырылып тынды

Жамбыл облысында Әдеп жөніндегі кеңестің отырысында жергілікті кәсіпкерлердің бірімен телефон арқылы сөйлескен Меркі ауданы әкімінің орынбасары Мейіржан Сүлейменовтің ісі қаралды, деп хабарлайды zakon.kz Жамбыл...

Алматылықтар мен қытайлықтар жанжалдасып қалды: полиция түсініктеме берді

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде қытайлық жастармен болған жанжалдың видеосы тарап жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Видеода бір топ қытайлық жас ұзын айдаһардың формасын ұстап тұр....