Басты бет Оқиға Шымкенттік құтқарушылар шатқалда жағдайы нашарлаған жігітті екінші рет құтқарды

Шымкенттік құтқарушылар шатқалда жағдайы нашарлаған жігітті екінші рет құтқарды

Фото: ТЖД ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы

11 тамызда сағат 00-04 минутта Шымкент қаласы ТЖД Жедел-құтқару жасағының 5 құтқарушысы Төлеби ауданында құтқару операциясына шықты, деп хабарлайды MediaWorld.kz Шымкент қалалық ТЖД ішкі және сыртқы коммуникациялар тобына сілтеме жасап.

«Қасқасу елді мекенінен 15 шақырым жерде 1990 жылы туған жас жігіт Сайрам-су шатқалына демалуға шыққан.  Денсаулық жағдайының нашарлауы — демікпе ұстамасы одан әрі қозғалуға мүмкіндік бермеді және ол құтқарушылардан көмек сұрады. Құтқарушылар сағат 04.40 минутта зардап шеккенге жетіп, оны шатқалдан түсіре бастады. Сағат 08.35-те зардап шегушіні жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды (жағдайы орташа). Жас жігіт мұндай жағдайға екінші рет ұшырап отыр. 2016 жылы осы Сайрам-су шатқалында жігітті құтқару бойынша операция тікұшақпен жүргізілген», — делінген ведомство таратқан хабарламада.

Шымкент қаласының Жедел құтқару жасағы қатаң ескертеді.

Тау қателіктерді кешірмейді! Құрметті Шымкент қаласының және Түркістан облысының тұрғындары! Тауға бару кезінде сақ болыңыз! Медициналық тұрғыдан қарсы көрсетілімдері бар адамдарға тауға баруға қатаң тыйым салынады. «112» құтқару қызметінің телефоны бойынша міндетті түрде тауға шығу және қозғалыс маршруты туралы хабарлаңыз.

 

 

 

Соңғы жаңалықтар

Халықаралық әуе рейстерінің қайта жанданғаны рас па: комитет жауап берді

Азаматтық авиация комитеті халықаралық рейстерге билет алушыларға үндеу жасады. Мамандардың айтуынша, әуе билеттерін сату және сатып алу халықаралық рейстердің ашылғанын білдірмейді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ...

Бурабайда полиция қызметкері адам қағып өлтіріп, қашып кеткен

Полиция қызметкері тағы да жол апатын жасады! Жылдамдықты шамадан тыс асырған шенді тәртіп сақшысы Бурабайға кіре берісте адам қағып кеткен, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Нұрлан...

Ақтөбеде хром қосылыстары зауытында 4 адам көз жұмды

Техника қауіпсіздігі ережесін бұзу салдарынан Ақтөбе хром қосылыстары зауытының төрт қызметкері қаза болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Оқиға 28 мамыр күні "АХҚЗ" АҚ-ның №4 цехында...

Тепловизор және дезинфекция түнелі: ҰБТ тапсыру орындары қалай жабдықталады

Қазақстанда мектеп түлектері ҰБТ-ны карантинге байланысты ерекше санитарлық жағдайда тапсырады, деп жазады Sputnik Қазақстан.   Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізілетін орындар тепловизор, дезинфекция түнелі және аяқ киімді...

Сөмкесінен екі бума ақша шықты – әкімдіктің лауазымды тұлғасы ұсталды

Ақтөбе қаласы әкім аппаратының лауазымды тұлғасы парамен ұсталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі шенеунікті ұстау видеосын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Видеода құқық қорғаушылардың сөмкеден...

Әкімнің заңсыз әрекеті әшкере болды — видео

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысында пара алған әкім ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Ресми мәліметке сәйкес, Келес ауданына қарасты Жамбыл ауылдық округының...

1-сыныпқа баратын балалардан тест алуға ешкімнің қақы жоқ

Балаларды бірінші сыныпқа қабылдаған кезде мектеп олардан тест алуға құқылы емес. Бұл туралы Алматы қаласының білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің басшысы Гүлнәр Ермекбаева мәлімдеді,...