Қазақстан сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Мәскеу қалалық дума депутатының «Қазақстанды да денацификациялау» жайлы мәлімдемесіне пікірін айтты, деп жазады centralasian.org.
«Депутаттың мәлімдемесіне байланысты Қазақстан Ресейге ресми түрде нота жібере ме?» деген сұраққа Тілеуберді министрлік тек «федералдық деңгейдегі мәлімдемелерге» ғана реакция білдіреді деді.
— Айтылған әрбір мәлімдемелерді жеке-жеке қарастыру керек және сол деңгейде жауап беру керек. Мысалы, бұған дейін Зюгановтың айтқандарына (Ресей мемлекеттік думасының депутаты — ред.) біздің депутаттар өз бағасын берді. Ал мына мәлімдеме Мәскеу қалалық кеңесінің депутатынікі. Ол — федералдық деңгей емес, – деді сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді.
Оның айтуынша, Қазақстан сыртқы істер министрлігі «федералдық деңгейде айтылған мәлімдемелерге бұған дейін жауап берген».
Бірнеше күн бұрын Мәскеу қалалық думасының депутаты Сергей Савостьянов Украина үлгісі бойынша Қазақстанды да «денацификациялау» және «демилитаризациялауға» шақырған.
Оқи отырыңыз:
- Бангладеште Қазақстан азаматтарын пышақтап кетті
- Қазақстанда көлік бағасы көтеріле ме: Министрлік жауап берді
- Экономика министрі доллар бағамына болжам жасады