Басты бет Қазақстан Синоптиктер ақпан айының басында ауа райы қандай болатынын айтты

Синоптиктер ақпан айының басында ауа райы қандай болатынын айтты

Ақпан айының басында республикада ауа температурасы жоғарылайды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы тәуліктерде Қазақстанға оңтүстік-батыс тропосфералық ағындармен бірге атмосфералық ауа ағымдары ығысады.

«Циклон мол ылғал мен жылу әкеледі. Соның әсерінен республикада ауа температурасы жылдам жоғарылайды», — делінген хабарламада.

Демалыс күндері оңтүстік және оңтүстік-шығыста күндіз +3…13°С, ал дүйсенбіде солтүстік, орталық және шығыс облыстарда 0…-8°С күтіледі.

Сондай-ақ, оңтүстік пен батыста жаңбыр, жабысқақ қар, ал қалған аймақтарда қар жауады.

Ірі мегаполистердегі ауа райы:

Нұр-Сұлтан

  • 1 ақпанда күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде -20°С, күндіз -11°С.
  • 2 ақпанда күн ашық, түнде -15°С, күндіз -10°С суық.
  • 3 ақпанда күн бұлыңғыр, аздаған қар жауады. Түнде -12°С, күндіз -3°С.

Алматы

  • 1 ақпанда күн ашық, түнде -8°С, күндіз +2°С.
  • 2 ақпанда күн ашық, түнде +2°С, күндіз +5°С.
  • 3 ақпанда күн ашық, түнде +2°С, күндіз +6°С жылы.

Шымкент

  • 1 ақпанда күн ашық, түнде -1°С, күндіз +10°С.
  • 2 ақпанда күн ашық, түнде -1°С, күндіз +13°С.
  • 3 ақпанда күн бұлыңғыр, аздаған жаңбыр жауады. Түнде +3°С, күндіз +8°С.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Халықаралық әуе рейстерінің қайта жанданғаны рас па: комитет жауап берді

Азаматтық авиация комитеті халықаралық рейстерге билет алушыларға үндеу жасады. Мамандардың айтуынша, әуе билеттерін сату және сатып алу халықаралық рейстердің ашылғанын білдірмейді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ...

Бурабайда полиция қызметкері адам қағып өлтіріп, қашып кеткен

Полиция қызметкері тағы да жол апатын жасады! Жылдамдықты шамадан тыс асырған шенді тәртіп сақшысы Бурабайға кіре берісте адам қағып кеткен, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Нұрлан...

Ақтөбеде хром қосылыстары зауытында 4 адам көз жұмды

Техника қауіпсіздігі ережесін бұзу салдарынан Ақтөбе хром қосылыстары зауытының төрт қызметкері қаза болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Оқиға 28 мамыр күні "АХҚЗ" АҚ-ның №4 цехында...

Тепловизор және дезинфекция түнелі: ҰБТ тапсыру орындары қалай жабдықталады

Қазақстанда мектеп түлектері ҰБТ-ны карантинге байланысты ерекше санитарлық жағдайда тапсырады, деп жазады Sputnik Қазақстан.   Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізілетін орындар тепловизор, дезинфекция түнелі және аяқ киімді...

Сөмкесінен екі бума ақша шықты – әкімдіктің лауазымды тұлғасы ұсталды

Ақтөбе қаласы әкім аппаратының лауазымды тұлғасы парамен ұсталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі шенеунікті ұстау видеосын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Видеода құқық қорғаушылардың сөмкеден...

Әкімнің заңсыз әрекеті әшкере болды — видео

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысында пара алған әкім ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Ресми мәліметке сәйкес, Келес ауданына қарасты Жамбыл ауылдық округының...

1-сыныпқа баратын балалардан тест алуға ешкімнің қақы жоқ

Балаларды бірінші сыныпқа қабылдаған кезде мектеп олардан тест алуға құқылы емес. Бұл туралы Алматы қаласының білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің басшысы Гүлнәр Ермекбаева мәлімдеді,...