«Қазгидромет» РМК көктемнің алғашқы күндеріне, яғни 1-3 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы үш күнде Қазақстанда ауа райы тұрақсыз болады.
Еліміздің солтүстігінде қар жауып, боран соғып, жел күшеюі ықтимал.
Ал оңтүстікте найзағай ойнап, жаңбыр жаумақ. Сондай-ақ, республика бойынша тұман, көктайғақ болуы мүмкін.
Метеорологтардың болжамынша, батыста түнде 2-10 градусқа дейін аяз болса, күндіз 2-15 градус жылы болмақ.
Республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында сынап бағанасы түнде 15-20 градусқа дейін төмендесе, күндіз 0-10 градус аралығында аяз болуы мүмкін.
Еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығысында түнде 0-8 градус аралығында аяз, күндіз 5-15 градус жылы болады деп күтілуде.
Автор: Нұрила Ермекбай
Оқи отырыңыз:
- Диетолог таңғы асқа не жеуге болмайтынын айтты
- Ұлттық банк рубль бағамының теңгеге ықпалына қатысты мәлімдеме жасады
- Украинада 50 қазақстандық жүк көлігінің жүргізушілері қалып қойды