Синоптиктер қыстың алғашқы күндері ауа райы қандай болатынын айтты

160
Фото: pixabay.com

Алдағы күндері Қазақстанда аяз болады деп болжанып отыр, кей жерлерде қар жауады. Бұл туралы Sputnik Қазақстан «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап хабарлады.

Синоптиктердің болжамынша, республиканың басым аумағында ауа райы жауын-шашынсыз, аяз болады. Қазгидрометтің ақпаратынша, Қазақстандағы ауа райына моңғол антициклоны әсерін тигізеді.

«Тек оңтүстік және оңтүстік-шығыста, негізінен, қар түрінде жауын-шашын түседі», — делінген хабарламада.

Елдің кей жерлерінде тұман, көктайғақ және қатты жел күтілуде.

Дабылды ескерту

Бұған дейін Қазгидромет 30 қарашада қай өңірлерде дабылды ескерту жариялаған еді.

Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерді тұман басып, бұрқасындатады. Шығыс Қазақстанда түнде кей жерлерде жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін барады.

Алматы облысында кей жерлерде – тұман және көктайғақ.

Жамбыл, Қызылорда облыстарында кей жерлерде тұман, күндіз көктайғақ болжанып отыр.

Түркістан, Маңғыстау, Атырау облыстарында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Түркістан облысында кей жерлерде тұман күтілуде.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарында, түнде Ақтөбе облысында тұман түседі.

Оқи отырыңыз: