Басты бет Әлем Сирия бойынша Астана процесінің келесі отырысы қазанда өтеді

Сирия бойынша Астана процесінің келесі отырысы қазанда өтеді

Бұл туралы Астана процесі шеңберіндегі Сирия бойынша кезекті 13-ші халықаралық кездесуінің қорытындысында Иран Ислам Республикасы, Ресей Федерациясы және Түркия Республикасының Астана форматындағы кепіл мемлекеттер ретінде мәлімдемесінен кейін белгілі болды.

Астана процесі шеңберіндегі Сирия бойынша кезекті 13-ші халықаралық кездесуі мәресіне жетті.  Отырысқа Сирия Араб Республикасы үкіметінің және қарулы оппозиялар топтары мен делегациялары, қатысушылар мен байқаушылар қатысты, деп хабарлайды baq.kz.

Шара қорытындысы бойынша сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Васильенко мәлімдеме оқыды.

«Астана процесі аясында Сирия жөніндегі 13-ші халықаралық кездесу мәресіне жетті. 2017 жылдан бері Қазақстан Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан азарбаевтың қолдауымен жүзеге асырылып жатқан бұл процесс Сирияда бейбітшілікті орнату жолында орасан зор жетістікке жеткені сөзсіз. Бұл процесс көптеген екіжақты және көпжақты тараптардың Сирия бойынша атқарған күшінің нәтижесі деуге болады. Бүгінгі кездесу – Астана процесіне кепіл елдердің Сирия мәселесін бейбіт жолмен  шешуге ұмтылысы. Осымен байланысты 13-ші халықаралық отырыс қорытындысы бойынша кепіл елдер  — Иран, Түркия, Ресейдің бірлесе қабылдаған мәлімдесін жариялаймын», — деді Роман Васильенко.

Ол 13 пунктен тұрады:

  1. Сирия Араб Республикасының егемендігіне, тәуелсіздігі, территориялық дербестігіне, сонымен қатар БҰҰ жарғысының мақсаты мен принциптеріне өзінің бұлжымайтын көзқарасын растады.
  2. Осыған байланысты жалпыға бірдей қабылданған халықаралық құқықтық шешімдерге құрметті, оның ішінде Сирияның Голанына басқыншылық жасаудан бас тартқызатын БҰҰ сәйкес резолюциясының қаулысын бекітті. Бұл ең алдымен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 497-резолюциясы.
  3. Идлиб аймағында ушығуды тоқтату жағдайын мұқият қарастырды және Идлиб бойынша барлық келісімді толық орындау жолымен «жерде» тыныштық орнату қажеттігі ерекше аталды. Ең алдымен 2018 жылдың 17 қыркүйегіндегі Меморандум. Аймақтағы «Хейат Тахрир аш-Шам» (Қазақстанда тыйым салынған) террористік ұйымының ұлғаюына алаңдаушылық туралы айтылды және ДАИШ, «Джабхат ан Нусра» және «Аль-Каида немесе ДАИШ-пен (Қазақстанда тыйым салынған) байланысты тұлғалар, топтар, ұйымдар мен кәсіпорындарды, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі осыларға теңестіріп бекіткен басқа да террористік топтарды түбегейлі жоюдағы көзқарастар аясында ынтымақтастықты жалғастыру шешімін бекітті. Бейбіт тұрғындар арасындағы қаза тапқандарға көңіл білдіре отырып, халықаралық гуманитарлық құқық нормаларына және Идлиб ушығуды тоқтату аймағының ішінде және сыртында жүрген кепіл-мемлекеттердің әскери қызметкерлерінің қауіпсіздігіне сәйкес азаматтық позициядағы халықты қорғау бойынша бұған дейінгі келісімдер негізінде нақты шаралар қолдануға келісті.
  4. Сирияның солтүстік-шығысындағы жағдайды талқылады және бұл аймақтағы ұзақмерзімді тұрақтылық пен қауіпсіздікке жету тек елдің егемендігі мен территориялық дербестігін құрметтеу негізінде мүмкін екенін аталып өтті.
  5. Осыған байланысты терроризммен күрес, оның ішінде заңсыз өзін басқару бастамасы деген желеумен «жерде» жаңа реалийлерді құруға тырысудан бас тартты. Көрші елдердің ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіретін Сирияның егемендігі мен территориялық дербестігін бұзуға бағытталған сепаратистік жоспарларға нық қарсы тұруымызды білдірдік.
  6. Сириялық қақтығыстың әскери шешімі жоқ екеніне көз жеткізгенімізді білдірдік және Сочидегі Сириялық ұлттық диалог конгресінің шешіміне, БҚҚ ҚК 2254 резолюцияна сәйкес БҰҰ көмегімен сириялықтардың өзі жүзеге асырып жатқан саяси процесті сүйемелдеуді жақтайтынын растаыдық.
  7. Сочи қаласындағы Сирия ұлттық диалогы Конгресінің шешімдеріне сәйкес, Женевадағы Конституциялық комитетті қалыптастыру мен іске қосу мәселелері бойынша үшжақты форматта және БҰҰ Бас хатшысы Гарри Педерсонның арнайы елшісі кеңсесінің өкілдерімен бірлесіп егжей-тегжейлі консультациялар өткіздік. Орган процедурасының құрамы мен қағидаларын нақты бекіту бойынша қол жеткізген табыстарды атап өттік және комитеттің жақын арадағы шақырылымына дайын екенімізді растадық.
  8. Астана форматының бейінді Жұмыс тобы аясында 2019 жылдың 31 шілдесінде күшпен ұсталған тұтқындарды босату бойынша кезекті табысты операциямен құттықтадық. Бұл жұмыс тобының өзінің өзектілігін және сириялық тараптар арасында сенім орнатуда тиімділігін көрсеткен бірегей механизм екенін атап өттік және оның жұмысын жандандыру мен жалғастыру шараларын жасауға уағдаластық.
  9. Сирия аумағындағы барлық сириялыққа алдын ала шартсыз гуманитарлық көмекті арттыру қажеттігін атап өттік. Сириядағы гуманитарлық ситуацияны жақсартуды және саяси реттеу процесін қолдау мақсатында халықаралық қауымдастықты, БҰҰ мен оның гуманитарлық агенттіктерін Сирияға көмекті арттыруға шақырдық. Оның ішінде негізгі инфрақұрылым нысандарын – су және электрмен қамту, мектеп, ауруханаларды тезірек қалпына келтіру және гуманитарлық минасыздандыру жобаларын жүзеге асыруға мән берген жөн. Сирияға гуманитарлық көмек мәселелері бойынша Халықаралық конференция өткізу туралы идеяларды талқылап, пікір алмастық.
  10. Босқындардың қауіпсіз әрі ерікті түрде қайтып келуіне, Сириядағы адамдардың ішкі қозғалысына, қайтып келу құқығымен қамтамасыз етуге көмектесудің маңызды екенін баса айттық. Осыған байланысты, халықаралық қауымдастықты сәйкес қолдау көрсетуге шақырдық және барлық мүдделі тараптармен, оның ішінде БҰҰ Босқындар ісі бойынша Жоғарғы комиссар басқармасымен, өзге де маманданған халықаралық ұйымдармен өзара әрекеттесуге дайындығымызды растадық.
  11. Астана процесінің жаңа бақылаушылары ретінде Ирак пен Ливан делегацияларының қатысуын мақұлдадық. Бақылау елдер — Иордания, Ирак және Ливанның Сириядағы бейбітшілік пен тұрақтылықты орнату ісіне өз үлесін қосатынына сенім білдірдік.
  12. Нұр-Сұлтан қаласында 13-халықаралық кездесу өткізгені үшін Қазақстан билігіне шынайы алғыс білдіреміз.
  13. Сирия мәселелері бойынша Астана форматындағы келесі Халықаралық кездесуді Нұр-Сұлтан қаласында 2019 жылдың қазан айында өткізуді ұйғардық.

Соңғы жаңалықтар

Халықаралық әуе рейстерінің қайта жанданғаны рас па: комитет жауап берді

Азаматтық авиация комитеті халықаралық рейстерге билет алушыларға үндеу жасады. Мамандардың айтуынша, әуе билеттерін сату және сатып алу халықаралық рейстердің ашылғанын білдірмейді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ...

Бурабайда полиция қызметкері адам қағып өлтіріп, қашып кеткен

Полиция қызметкері тағы да жол апатын жасады! Жылдамдықты шамадан тыс асырған шенді тәртіп сақшысы Бурабайға кіре берісте адам қағып кеткен, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Нұрлан...

Ақтөбеде хром қосылыстары зауытында 4 адам көз жұмды

Техника қауіпсіздігі ережесін бұзу салдарынан Ақтөбе хром қосылыстары зауытының төрт қызметкері қаза болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Оқиға 28 мамыр күні "АХҚЗ" АҚ-ның №4 цехында...

Тепловизор және дезинфекция түнелі: ҰБТ тапсыру орындары қалай жабдықталады

Қазақстанда мектеп түлектері ҰБТ-ны карантинге байланысты ерекше санитарлық жағдайда тапсырады, деп жазады Sputnik Қазақстан.   Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізілетін орындар тепловизор, дезинфекция түнелі және аяқ киімді...

Сөмкесінен екі бума ақша шықты – әкімдіктің лауазымды тұлғасы ұсталды

Ақтөбе қаласы әкім аппаратының лауазымды тұлғасы парамен ұсталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі шенеунікті ұстау видеосын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Видеода құқық қорғаушылардың сөмкеден...

Әкімнің заңсыз әрекеті әшкере болды — видео

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысында пара алған әкім ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Ресми мәліметке сәйкес, Келес ауданына қарасты Жамбыл ауылдық округының...

1-сыныпқа баратын балалардан тест алуға ешкімнің қақы жоқ

Балаларды бірінші сыныпқа қабылдаған кезде мектеп олардан тест алуға құқылы емес. Бұл туралы Алматы қаласының білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің басшысы Гүлнәр Ермекбаева мәлімдеді,...