Басты бет Оқиға Қылмыс Өскемен тұрғыны таныс қызының көлігін өртеп жіберді (видео)

Өскемен тұрғыны таныс қызының көлігін өртеп жіберді (видео)

Өскеменде таныс қызының көлігін өртеп жатқан азамат камераға түсіп қалды. Қазір оның қолға түскені белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық полиция басқармасы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облысы орталықтарының бірінде Toyota автокөлігі жанып жатқаны туралы хабарлама полицияға ақпан айында түскен. Оқиға орнына тез арада жеткен тәртіп сақшылары өртенген көлік Өскеменнің 28 жастағы тұрғынына тиесілі екенін анықтады. Толығымен жанып кеткен темір тұлпардың қасындағы Subaru көлігіне де қатты зақым келген.

Полицейлер оқиға орын алған жердің маңынан қолғаптар мен жанармай құйылған бөтелкені тапты. Қаскөй көпқабатты үй ауласында орнатылған бейнекамера арқылы нысанаға алынды. Одан бөлек, күдіктіні іздеуге «Сергек» бейнебақылау жүйесі жұмылдырылды.

Күдікті өрт болған жерден үйіне дейін тексерген қызметтердің көмегімен қолға түсті. Нәтижесінде бірқатар сараптама тағайындалып, оның қылмысқа қатысы бар екені анықталды.

Қазір бөтен мүлікті қасақана жою бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Бұрын істі болған 33 жастағы азамат тергеу изоляторына жіберілді. Ол автокөлік иесімен таныс болған.

Оқи отырыңыз:

Фото: видеодан алынған кадр

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықты брендке айналдыру керек – сарапшылар «Тиімді қайырымдылық» жобасы туралы

Қазақстанда жыл сайын кемі 100 қайырымылық ұйымын тарту арқылы елдегі қайырымдылық қызметін одан әрі дамытуды көздейтін «Тиімді қайырымдылық» жобасы жүзеге асты. Осы саладағы сарапшы,...

Әр адамның дінге бас сұғып, пәтуа айтуы дұрыс емес – Әбдіғани Бәзілхан

Елімізде қандай да бір діни мәселеге қатысты «Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының» қызметкерлерінен басқа адамға пәтуа айтқызуға болмайды. «Қазақстанның Даму Қауымдастығы» жүзеге асырып жатқан интернеттегі...

Құрбысынан өш алмақ болған қарағандылық оқушы полицейлерді аяғынан тік тұрғызды

Қарағандыда мектеп оқушысы құрбысының атынан қоқан-лоққы жасап, ақша талап етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. "City Mall" сауда орталығында бомба жасырылды деген...

Александр Бублик «Париж мастерс» турнирінде әлемнің 14-ракеткасын жеңіп кетті

Қазақстандық теннисші Александр Бублик "Париж мастерс" турнирінің екінші айналымына шықты. Ол әлемнің 14-ракеткасын жеңіп кетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ теннис федерациясына сілтеме жасап. Қазақстанның бірінші, әлемнің...

Мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар бір мезетте әнұран орындады

Елорданың барлық ұйымдары мен кәсіпорындары Республика күніне орай бір мезетте әнұран орындады, деп жазады inbusiness.kz. Елорданың барлық мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындарында Республика күнін мерекелеуге арналған...

Риддер ЖЭО-ның бұрынғы басшыларына қатысты тергеу жүріп жатыр

Қаржылық мониторинг агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті алаяқтық фактісі бойынша Риддер ЖЭО-ның бұрынғы басшыларына қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Бұл туралы агенттік Telegram-дағы ресми...

Семейдегі мектептердің бірі қашықтықтан оқуға көшті

Семейде 2023 жылғы 23 қазанда №40 орта мектептің оқушылары қашықтан оқыту форматына көшірілді, деп хабарлайды Inbusiness.kz. "№40 орта мектепте сағат 9:08-де ғимараттың жертөлесінде орналасқан электрқалқан...