Басты бет Қоғам Әскери бөлімге аты аңызға айналған "Қара майордың" есімі берілді

Әскери бөлімге аты аңызға айналған «Қара майордың» есімі берілді

ҚР Қорғаныс министрінің 04.09.2019 бұйрығымен Алматы қаласындағы Қазақстан Қарулы Күштері әскери бөліміне полковник Борис Керімбаевтың, аты аңызға айналған «Қара майордың» есімі берілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осылайша, әр ұрпақтың әскери қызметшілері үшін әскери борышты, ерлік пен ар-намысты орындаудың лайықты үлгісі болып табылатын қазақ офицерінің есімі мәңгі есте сақталмақ.

Борис Түкенұлы Керімбаев 1948 жылы 12 қаңтарда Алматы облысы, Прудки кентінде дүниеге келген. В. И. Ленин атындағы Ташкент жоғары командалық училищесін тәмамдаған. Офицерлік қызметін Германиядағы кеңес әскерінің құрамында мотоатқыштар взводының командирінен бастап, Ортаазиялық әскери округте барлау ротасын, штабты, кейін мототатқыштар батальонын басқарды.

1980 жылы Керімбаевті Эфиопияға жаяу әскер бригадасы командирінің кеңесшісі лауазымында шетелдік іссапарға жіберді. Дәл осы жылы ол Қапшағай қаласында құрылған арнайы мақсаттағы 177-ші жекелеген жасақтың командирі болып тағайындалды.

1981 жылы полковник Борис Керімбаев Ауғаныстанға жіберілді. Оның жасағы моджахедтерге қарсы құрылған жауынгерлік іс-қимылдарға бірден кірісіп кетті. Офицер Панджер шатқалындағы совет әскерлері мен Ахмад Шах Масуд отрядтары қарсыласының негізгі қатысушысы болып табылады. 1982 жылы оның басшылық етуімен жасақ ауғандық моджахедтердің құрылымдарын белгісіз мерзімге ішінара бақылау және бұғаттау үшін сол жерге қайта жіберілді.

Фото: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

8 айдан кейін тұрақты атыстардан, қоныстану операциялары мен рейдтерден саны жағынан басым болған қарсыласпен моджахедтердің басшысы уақытша бітімге келісуге мәжбүр болды. Нәтижесінде Кеңес әскерлеріне қарсы топтардың жауынгерлік іс-қимылдары тоқтатылды. Бұл сөзсіз Керімбаевтың еңбегі болды. 1983 жылдың наурыз айында полковник Керімбаев барлық бөлімшелерді шатқалдан шығарды. Командирге «Қара майор» лақап атын жеке жасағы қойған болатын.

Кейін офицер Қапшағай қаласындағы 22-ші арнайы мақсаттағы бригада командирінің орынбасары, 546-ші арнайы мақсаттағы оқу полкінің командирі болып қызмет етті. 1992 жылы денсаулық жағдайына байланысты Қарулы Күштерден полковник атағында босатылды.

2019 жылы 12 ақпанда ұзақ аурудан кейін Борис Керімбаев Алматы қаласында өмірден өтті.

Фото: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

Офицер «Қызыл Ту», «КСРО Қарулы Күштерінде Отанға қызмет еткені үшін» (3 дәрежелі), «Айбын» (1 дәрежелі) орденімен және мерейтойлық медальдармен марапатталды.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың қазан айында Халық Қаһарманы полковник Қасым Қайсеновтің есімі Өскемен қаласындағы әскери бөлімге, және де аты аңызға айналған қазақстандық генерал-майор Шәкір Жексенбаевтың есімі Тараз қаласындағы әскери бөлімге берілген болатын.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...