Басты бет Оқиға Әскери бөлімнен қарумен қашып кеткен сарбаз ұсталды

Әскери бөлімнен қарумен қашып кеткен сарбаз ұсталды

Фото: ҚР ІІМ

Шымкентте қару-жарақпен әскери бөлімнен қашып кеткен сарбаз ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінің арнайы жедел тобы қару-жарақ ұрлап, әскери бөлімнен өз еркімен кетіп қалған 1995 жылы туған әскери қызметші Балғынбай Абылай Бағдатұлын ұстады», — делінген хабарламада.

Қару ұрлау фактісі негізінде Қылмыстық кодекстің 291-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қару-жарақ, оқ-дәрілер, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды ұрлаған немесе бопсалап алғандар үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Қажетті тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бүгін Шымкент маңындағы әскери бөлімдердің бірінен келісімшартпен қызмет еткен кіші сержант қашып кеткені белгілі болды. Қаруды сақтау бөлмесінде бірнеше қару жоғалған.

Желіде кезекшінің көмекшісі таңғы 4-те кезекшілік кезінде қару ұрлап, бөлімнен қашып кеткені туралы ақпарат тарады. Мәтінде «Перехват» жоспары жүргізіліп жатқаны айтылған.

Әскери қызметші отыз АК-74, жиырма жеті 9 мм ПМ (Макаров тапаншасы), АК патроны (420), Макаров тапаншасының патроны — 48, ПМ травматикалық тапаншасын (1, 24 патрон) қолды еткен.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...

Алматы облысында аю талаған адамға қатысты тың мәлімет жарияланды

Алматы облысында қонжығын қорғамақ болған аю балық аулауға барған адамды талап өлтірді, деп хабарлайды Polisia.kz. Қайғылы оқиға 30 мамыр күні сағат 06.25 шамасында Алматы облысы...