Соңғы бір аптада қар құрсауынан 1212 адам құтқарылды

Фото: pixabay.com

Қазақстанда соңғы бір аптада қар құрсауында қалған 1212 адам құтқарылды. Оның 175-і бала, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Соңғы бір аптада ескертуді елемеген мыңнан астам адам қар құрсауында қалды.

«3-5 қаңтар аралығында полиция қызметкерлері төтенше жағдай қызметтерімен және қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілерімен бірлесіп, 1212 адамды эвакуациялады, олардың 173-і балалар. Шамамен 100 автокөлікті қардан сүйреп шығарды», — деп мәлімдеді ІІМ әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қайсар Сұлтанбаев.

Ал ауа райының нашарлауына байланысты жабық учаскелер туралы сенімді ақпаратты 112, 102 телефондары арқылы, сондай-ақ «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының байланыс орталығының 1403 телефоны арқылы білуге болады.