Басты бет Оқиға Соңғы хат қалдырған: Оралда колледж студенті өз-өзіне қол жұмсады

Соңғы хат қалдырған: Оралда колледж студенті өз-өзіне қол жұмсады

Оралда 17 жастағы жеткіншек өз-өзіне қол жұмсады. Полиция департаменті жасөспірімнің соңғы хат қалдырғанын хабарлады. Қазір аталған фактіге қатысты сот алды тергеу жұмыстары басталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Полиция департаментінің баспасөз қызметінде атап өткендей, оқиға 14 қараша күні болған. Жергілікті колледждің 17 жастағы студенті көпқабатты үйдің төртінші қабатынан секіріп кеткен.

Оқиға орнына бірден жедел медицинадық көмек станцияның дәрігерлері шақырылған.

«Зардап шеккен жасөспірім қалалық көпсалалы ауруханаға жеткізілді. Ол медициналық мекеменің жансақтау бөлімінде алған жарақаттары салдарынан қайтыс болды», — делінген БҚО денсаулық сақтау басқармасында.

Айта кетейік, 2019 жылдың басынан бері полиция мен Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері үш суицидтің алдын алды.

Олардың бірінде арнайы жасақтағы бөлімшенің полицейі Еркебұлан Сопанов көпірден Шаған өзеніне жас қыздың соңынан секірді. Жақында ол «Ерлігі үшін» номинациясы бойынша «Жомарт жүрек – 2019» сыйлығымен марапатталды.

Сондай-ақ, Орал полицейлері бес қабатты ғимараттың шатырынан секіргісі келген қызды құтқарып қалды.

Сонымен қатар, БҚО ювеналды полиция қызметкерлері өңірдегі кәмелетке толмағандар арасында өзіне-өзі қол жұмсаудың азайғанын атап өтті.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Халықаралық әуе рейстерінің қайта жанданғаны рас па: комитет жауап берді

Азаматтық авиация комитеті халықаралық рейстерге билет алушыларға үндеу жасады. Мамандардың айтуынша, әуе билеттерін сату және сатып алу халықаралық рейстердің ашылғанын білдірмейді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ...

Бурабайда полиция қызметкері адам қағып өлтіріп, қашып кеткен

Полиция қызметкері тағы да жол апатын жасады! Жылдамдықты шамадан тыс асырған шенді тәртіп сақшысы Бурабайға кіре берісте адам қағып кеткен, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Нұрлан...

Ақтөбеде хром қосылыстары зауытында 4 адам көз жұмды

Техника қауіпсіздігі ережесін бұзу салдарынан Ақтөбе хром қосылыстары зауытының төрт қызметкері қаза болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Оқиға 28 мамыр күні "АХҚЗ" АҚ-ның №4 цехында...

Тепловизор және дезинфекция түнелі: ҰБТ тапсыру орындары қалай жабдықталады

Қазақстанда мектеп түлектері ҰБТ-ны карантинге байланысты ерекше санитарлық жағдайда тапсырады, деп жазады Sputnik Қазақстан.   Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізілетін орындар тепловизор, дезинфекция түнелі және аяқ киімді...

Сөмкесінен екі бума ақша шықты – әкімдіктің лауазымды тұлғасы ұсталды

Ақтөбе қаласы әкім аппаратының лауазымды тұлғасы парамен ұсталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі шенеунікті ұстау видеосын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Видеода құқық қорғаушылардың сөмкеден...

Әкімнің заңсыз әрекеті әшкере болды — видео

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысында пара алған әкім ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Ресми мәліметке сәйкес, Келес ауданына қарасты Жамбыл ауылдық округының...

1-сыныпқа баратын балалардан тест алуға ешкімнің қақы жоқ

Балаларды бірінші сыныпқа қабылдаған кезде мектеп олардан тест алуға құқылы емес. Бұл туралы Алматы қаласының білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің басшысы Гүлнәр Ермекбаева мәлімдеді,...